Жамбыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы «Жамбыл ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 12-54 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кiрiстер 22 839 099 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер 8 595 670 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер 192 216 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер 105 109 мың теңге;
трансферттер түсiмі 13 946 104 мың теңге; оның ішінде:
2) шығындар 24 218 433 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу 501 032 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 620 086 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 119 054 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;
қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 1 880 366 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) 1 880 366 мың теңге.»:
қарыздар түсімі 2 788 919 мың теңге;
қарыздарды өтеу 1 224 600 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 316 047 теңге.».
Жамбыл ауданының мәслихаты төрағасы М.Амиргалиев