ЖОБА
Жамбыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 31-163 «Жамбыл аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, Жамбыл аудандық маслихаты ШЕШТІ:
- Жамбыл аудандық мәслихатының «Жамбыл аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2018 жылғы 15 наурыздағы №31-163 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 120256 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл аудандық мәслихаты аппаратының басшысы А.Ж. Сабиров жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың төрағасы М. Амиргалиев