Об изменении и установлении границ села Бериктас Бериктасского сельского округа Жамбылского района Алматинской области

          Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы 824 гектар жерді Беріктас ауылдық округінің Беріктас ауылының шекарасына қосу жолымен Беріктас ауылдық округінің Беріктас ауылының шекаралары өзгертілсін, жалпы ауданы 1068,7 гектар шекара белгіленсін.

2. Осы Жамбыл ауданы әкімдігінің бірлескен қаулысы және Жамбыл аудандық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл аудандық мәслихатының хатшысы Жамбыл ауданының әкімі 
      __________С. Жұрын __________Н. Ертас
Шешім
Дата публикации
11 июля 2022