GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Мәслихат туралы
Онлайн қабылдау
Депутаттар
Все материалы
28 сентября 2026
Алматы мәслихатының депутаттары Бас жоспарға енгізілетін түзетулерге келісім беріп, тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасына өзгерістерді қолдады

Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LIII (53) сессиясында депутаттар Бас жоспарды түзету жобасына келісім беріп, тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасына өзгерістер енгізу және жер салығын есептеу үшін жерлерді бағалық аймақтарға бөлудің жаңа схемасын қарады.

Депутаттар Алматының Бас жоспарын түзету жобасына келісім берді. Еске салсақ, қаланың Бас жоспары 2023 жылы бекітілген. Бұл – оған енгізілетін алғашқы түзету. Мәслихат келіскеннен кейін жоба тиісті қаулымен бекіту үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберіледі.

Құжатта тұрғын аудандардың дамуы көлік, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылыммен бірге жоспарланған. 2040 жылға қарай қала халқы 3,6 миллион адамға дейін өседі деген болжам бар. Осыны ескере отырып, Алматы бес орталық негізінде дамуын жалғастырады. Олар «Тарихи орталық», «Шығыс қақпасы», «Солтүстік», «Оңтүстік-батыс» және «Батыс».

Жобада тау бөктерін, су ресурстары мен жасыл аумақтарды қорғау шаралары күшейтілген. 2040 жылға қарай демалысқа арналған аумақтардың қажетті көлемнен 500 гектардан астам артық болуын қамтамасыз ету көзделіп отыр. Сондай-ақ таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда тұрғын үй құрылысы мен нүктелі құрылысқа шектеу қою ұсынылады. Көлік бөлігінде метро мен жеңіл рельсті көлікті өзара байланысқан біртұтас жүйе ретінде дамыту қарастырылған. Жоба биылғы 21 қыркүйекте мемлекеттік кешенді ведомстводан тыс қала құрылысы сараптамасының оң қорытындысын алды.

Мәслихат Алматының 2030 жылға дейінгі тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасына енгізілетін өзгерістерді де қолдады. Бағдарламаға барлығы 41 өзгеріс пен толықтыру енгізілді. Оған қатысушылардың міндеттері, қаржыландыру тетіктері, уақытша баспана мен өтемақы беру шарттары нақтыланды. Кейбір аудандарда тұрғындарды көшіруге арналған тұрғын үй қоры жеткіліксіз болғандықтан, 2026 жылға жоспарланған үйлерді бұзу жұмыстарының бір бөлігі 2027–2029 жылдарға ауыстырылды.

Сессияның үшінші мәселесі жерлерді бағалық аймақтарға бөлу схемасына қатысты болды. Өзгерістер негізінен коммерциялық мақсаттағы жер учаскелеріне әсер етеді. Учаскенің қай бағалау аймағында орналасқанына қарай жер салығының сомасы төмендеуі, өсуі немесе өзгеріссіз қалуы мүмкін.

28 сентября 2026
Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LIII сессиясының трансляциясы

24 сентября 2026
Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс LIII сессиясы

2026 жылғы 28 қыркүйекте сағат 15:00-де Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 40, мекенжайында орналасқан Достық Үйінің ғимаратында Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс LIII сессиясы өтеді.

 

Күн тәртібі:

  1. Алматы қаласының Бас жоспарын түзету жобасын келісу туралы;
  2. «Алматы қаласының тұрғын үйді 2030 жылға дейінгі реновациялау бағдарламасы бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 29 қарашадағы № 166 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
  3. Алматы қаласында жер салығының базалық мөлшерлемесін арттыру және жерге салық салу мақсатында бағалау аймақтарына бөлу схемасы туралы.

 

Сессия отырысы келесі ресурстарда онлайн режимде көрсетіледі:

  1. Мәслихаттың ресми сайты 
  2. Мәслихаттың YouTube каналы

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ «Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері) аккредиттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін ресми сауалды 2026 жылдың 28 қыркүйегі сағат 10:00-ге дейін almaty_maslihat@mail.ru электрондық поштасына жолдау қажет.

БАҚ өкілдері үшін сессияның тікелей көрсетілімі ұйымдастырылған баспасөз орталығы болатынын хабарлаймыз.

Алматы қаласы Мәслихатының аппараты тел.: 325-80-01.

18 сентября 2026
Алматыда тіркеу нормасы, автотұрақ тарифтері және Шымбұлаққа кіру тәртібі бекітілді

Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LІI (52) сессиясында халықты тіркеу, таулы аумақтардағы көлік қозғалысын реттеу, коммуналдық автотұрақтар мен көлік құралдарын жеткізу (эвакуациялау) мәселесіне қатысты бірқатар шешім қабылдады.

Сессияда тұрғылықты жері немесе уақытша болатын жері бойынша тіркеу нормативі бекітілді. Енді бір адамды тіркеу үшін тұрғын үйдің жалпы алаңы кемінде 15 шаршы метр болуы қажет. Бұл талап тіркеу есебін ретке келтіріп, бір мекенжайға көп адамды негізсіз тіркеу жағдайларының алдын алуға бағытталған. Алайда норманың меншік иесінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарын тіркеуге қатысы жоқ.

Сондай-ақ Шымбұлақ аумағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумаққа көлікпен кіру тәртібі өзгерді. 2026 жылдың алғашқы 8 айында бақылау-өткізу пункті арқылы 179 024 көлік өткен. Бұл 2022 жылы тіркелген жылдық көрсеткіштен 2,3 есе көп. Қазір аталған аумаққа тәулігіне орта есеппен 700-ге жуық көлік кіреді.

Осыған байланысты іштен жану қозғалтқышы бар көліктердің кіруіне шектеу енгізіледі. Электромобильдерге бөлек тәртіп белгіленді. Жұмыс күндері кіруге рұқсат етілсе, демалыс және мереке күндері шектеледі. Бұл ретте Шымбұлақ аумағында тұратын тұрғындар мен жұмыс істейтін ұйымдардың мүддесі ескерілді. Аталған аумақта 48 жеке тұрғын үй, «Қазгидрометке» тиесілі үш қызметтік-тұрғын үй ғимараты, «Қазселденқорғаудың» екі нысаны және Тұйықсу шатқалындағы басқа да нысандар орналасқан.

Мәслихат сессиясында коммуналдық автотұрақтардың тарифтері де қайта қаралды. Қолданыстағы сағатына 100 теңге тариф 2016 жылдан бері өзгермеген. Осы кезеңде қаладағы автокөлік саны 1 миллионнан асты.

Енді автотұрақ ақысы аумақтағы көлік жүктемесі мен сұранысқа қарай сараланады. Жүктемесі төмен учаскелерде тариф сағатына 100 теңге, орташа жүктемелі аумақтарда 150 теңге, ал сұранысы жоғары және автотұрақ орындары тапшы жерлерде 200 теңге болады. Жаңа тарифтер автотұрақ орындарының тиімді айналымын қамтамасыз етіп, қысқа мерзімге көлік қоятын жүргізушілер үшін бос орындардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар эвакуацияланған көліктерді арнайы тұраққа жеткізу және сақтау үшін алғаш рет тариф белгіленді. Көлікті эвакуациялау құны санатына қарамастан 3 АЕК немесе 12 975 теңге болады.

Жеңіл автокөлікті арнайы тұрақта сақтау құны алғашқы тәулікке 2,5 АЕК немесе 10 812 теңге, кейінгі әр тәулікке 5 АЕК немесе 21 625 теңге көлемінде белгіленді. Егер көлік эвакуацияланған күні сағат 18:00-ге дейін қайтарылса, сақтау ақысы алынбайды.

Қазір эвакуаторларды ұстауға қала бюджетінен жылына шамамен 862 млн теңге, ал арнайы тұрақтарға 113 млн теңгеден астам қаражат жұмсалады. Жалпы шығын жылына 974 млн теңгеден асады. Тарифтерді енгізу бұл жүйенің шығынын өтеуге мүмкіндік береді. Бұл ретте көлікті эвакуациялау тек Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген жағдайда жүзеге асырылады.

Сессия барысында қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында «Алматы қаласы мәслихатының аппараты» КММ туралы ереже де бекітілді.

18 сентября 2026
Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс LІI сессиясының трансляциясы

15 сентября 2026
Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс LII сессиясы

2026 жылғы 18 қыркүйекте сағат 10:00-де Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 40, мекенжайында орналасқан Достық Үйінің ғимаратында Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс LII сессиясы өтеді.

 

Күн тәртібі:

  1. Алматы қаласының аумағында тұрғылықты жері және уақытша тұру (болу) орны бойынша тіркеу нормативін бекіту туралы;
  2. Ерекше қорғалатын табиғи аумаққа көлік құралдарының кіруіне шектеу енгізу туралы;
  3. Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы айқындаған ақылы коммуналдық орынтұрақтар орналастырылған орындарда тарифтеуді бекіту туралы;
  4. Алматы қаласының коммуналдық меншігіндегі арнаулы алаңдарға, тұрақтарға көлік құралдарын жеткізгені (эвакуациялағаны) және уақытша сақтағаны үшін төлемақы мөлшерін айқындау туралы;
  5. «Алматы қаласы Мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы;
  6. «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.

 

Сессия отырысы келесі ресурстарда онлайн режимде көрсетіледі:

  1. Мәслихаттың ресми сайты 
  2. Мәслихаттың YouTube каналы

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ «Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері) аккредиттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін ресми сауалды 2026 жылдың 17 қыркүйегі сағат 18:00-ге дейін almaty_maslihat@mail.ru электрондық поштасына жолдау қажет.

БАҚ өкілдері үшін сессияның тікелей көрсетілімі ұйымдастырылған баспасөз орталығы болатынын хабарлаймыз.

Алматы қаласы Мәслихатының аппараты тел.: 325-80-01.

14 сентября 2026
Алматыда жыл соңына дейін жаңа мектептер мен дәрігерлік амбулатория ашылады

Алматының бюджеті нақтыланған кезде қаражаттың едәуір бөлігі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталады. Бұл туралы мәслихат отырысында Алматы қаласы Экономика және қаржы басқармасының басшысы Бауыржан Құдайбергенов мәлімдеді.

Әуезов ауданында екі мектептің құрылысы жалғасады. 11-шағынаудандағы 1 200 орындық мектепті жыл соңына дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған. Сонымен қатар №158 мектептің қазіргі ғимаратын бұзып, оның орнына 900 орындық жаңа мектеп салу көзделіп отыр. Ақсай-2 шағынауданындағы №42 мектепті қайта жаңғырту жұмыстары да жалғасады.

Алатау ауданындағы Дарабоз шағынауданында 900 орындық мектеп ашу үшін ғимарат сатып алу жоспарланған. Ал Алмалы ауданында биыл 240 орындық балабақшаның құрылысы аяқталады.

Сондай-ақ, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында биыл пайдалануға берілген сегіз жаңа мектептің толыққанды жұмыс істеуіне қажетті қаражат қарастырылған. Соның нәтижесінде қаладағы оқушы орындарының тапшылығын 11,7 мың орынға дейін азайту көзделіп отыр.

Денсаулық сақтау саласында Абай даңғылы, 69 мекенжайында орналасқан оқу-клиникалық орталықтың апатты жағдайдағы ғимаратын балаларды оңалту жөніндегі қалалық орталыққа бейімдеп қайта жаңғырту жұмыстары басталады.

Шұғыла шағынауданында бір ауысымда 200 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жалғасады. Нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Бұдан бөлек, сұранысқа ие медициналық мамандықтар бойынша 120 резидент даярлауға қаражат қарастырылған.

Спорт саласында Түрксіб ауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасады.

11 сентября 2026
Алматыда метро, жол және қоғамдық көлік инфрақұрылымын дамыту жалғасады

Алматының бюджетін нақтылау барысында көлік инфрақұрылымын дамытуға жеке бағыт қарастырылған. Бұл туралы мәслихат отырысында Алматы қаласы Экономика және қаржы басқармасының басшысы Бауыржан Құдайбергенов мәлімдеді.

2026 жылдың соңына дейін «Қалқаман» метро бекетін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сондай-ақ биыл «Қалқаман» бекетінен «Барлық» бекетіне дейінгі метро желісінің құрылысы басталды.

Метро желісін одан әрі кеңейту үшін «Жібек жолы» бекетінен әуежайға дейінгі екінші желінің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленеді.

Жол инфрақұрылымы саласында Рысқұлов даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту құрылысы, Мұқанов көшесін Гоголь көшесінен Райымбек даңғылына дейін және Райымбек даңғылын Шығыс айналма автомобиль жолына дейін ұзарту жұмыстары жалғасады.

Жыл соңына дейін Ақжар және Теректі шағынаудандарындағы жол құрылысын аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ «Батыс қақпа» полиорталығында жолдар мен инженерлік коммуникациялардың құрылысы жалғасады.

Қоғамдық көлікті, оның ішінде автобус тасымалдары мен метрополитенді субсидиялауға да қосымша қаражат қарастырылған.

Бауыржан Құдайбергеновтің айтуынша, бюджетті қазіргі нақтылау ең алдымен қаланың басты мәселелерін шешуге және басталған жобаларды аяқтауға бағытталған.

11 сентября 2026
Алматы қаласы мәслихатының кезекті LI сессиясының трансляциясы

10 сентября 2026
Алматы қаласы Мәслихатының кезекті LI сессиясы туралы қосымша хабарландыру

2026 жылғы 11 қыркүйекте сағат 10:30-да Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 40, мекенжайында орналасқан Достық Үйінің ғимаратында Алматы қаласы Мәслихатының кезекті LI сессиясы өтеді.

 

Күн тәртібі:

  1. Алматы қаласы мәслихатының 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 267 «Алматы қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы «Балалардың құқықтарын қорғау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы;
  3. «VIII шақырылым Алматы қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларын құру және тұрақты комиссияларының төрағаларын, мүшелерін сайлау туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  4. Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру туралы.

 

Сессия отырысы келесі ресурстарда онлайн режимде көрсетіледі:

  1. Мәслихаттың ресми сайты 
  2. Мәслихаттың YouTube каналы

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ «Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері) аккредиттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін ресми сауалды 2026 жылдың 9 қыркүйегі сағат 18:00-ге дейін almaty_maslihat@mail.ru электрондық поштасына жолдау қажет.

БАҚ өкілдері үшін сессияның тікелей көрсетілімі ұйымдастырылған баспасөз орталығы болатынын хабарлаймыз.

Алматы қаласы Мәслихатының аппараты тел.: 325-80-01.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы