2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өтті.
VII сайланған Алматы қаласының мәслихаты толық құрамда 39 депутат болып сайланды.
Сайлау қорытындысы бойынша мәслихаттағы орындар келесідей бөлінді: «Nur Otan» партиясы – 29 орын, «Ақ Жол» партиясы – 4 орын, Қазақстанның Халық партиясы – 3 орын, «Ауыл» партиясы – 3 орын.
«Nut Otan» партиясы:
«Ақ жол» партиясы:
Қазақстан Халық партиясы:
«Ауыл» партиясы:
Бірінші ұйымдастыру сессиясында мәслихат хатшысы болып бірауыздан депутат Станислав Владимирович Канкуров сайланды.
«Алматы-2050» Стратегиясында Алматы өмір мен жұмыс үшін тартымды жаһандық қалаға, Орталық Азияның зияткерлік және мәдени астанасына айналуы тиіс екендігі нақты белгіленген.
Стратегияға сәйкес негізгі басымдықтар:
- Шетсіз қала;
- «Ақылды» қала;
- Тең мүмкіндіктер қаласы;
- Қауіпсіз қала;
- Жасыл қала;
- Жаһандық іскерлік орталық;
- Мәдени креативті қала.
Стратегияны тиімді іске асыру үшін келесі тұрақты комиссиялар мен олардың төрағалары бекітілді:
Қала мәслихаты өңірлік мәслихаттар арасында ерекше орын алады. Мегаполисіміз ЖӨӨ көлемі, бюджетке түсетін түсімдер, ШОБ дамыту, мәдениет, ғылым және инновация сияқты салаларға қол жеткізді.
Мәслихат бұл тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекітуді, оның ішінде бюджеттік бағдарламаларды бекітуді қабылдайтын жергілікті өкілді орган.
Мәслихаттың басты міндеті – Алматы-2050 даму стратегиясын жүзеге асыру.
Депутаттық корпус бірінші жартыжылдықта «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде жаңа шақырылым депутаттарының жұмысы үшін бірқатар маңызды шешімдер қабылдады: «Алматы қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидалары»; «Алматы қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау қағидалары»; «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары»; «Алматы қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді ұсыну» және т.б.
Онлайн – сессиялар өткізіле бастады; мәслихатта азаматтарды онлайн-қабылдау енгізілді; Мәслихаттың баспасөз қызметі құрылды; қаланың сегіз ауданында «Ауыл», «Ақ жол» партияларының және Қазақстан Халық партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелері ашылды; мәслихат депутаттары қызметінің KPI әдістемесі енгізілді; мәслихат жанынан сараптамалық кеңес және жастар кеңесі құрылды.
Жалпы, мұндай тәжірибені Қазақстанда алғаш рет Алматы қаласының мәслихаты енгізді.
Қаланың төрт партиялық мәслихаты қаланың «Алматы-2050 Стратегиясы», «Шетсіз қала» және т.б. стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын іске асыруға белсенді қатысуда.