2016 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өтті.
Саяси партияларға қатыстылығы бойынша Алматы қаласының мәслихатында «Нұр Отан» партиясы, оның ішінде – 35 депутат, «Ауыл» партиясынан – 1 депутат, «Ақ жол» партиясынан – 1 депутат өкілдік етеді.
Қалалық мәслихаттың I ұйымдастыру сессиясында мәслихат хатшысы болып Қалдыбай Омарұлы Қазанбаев бірауыздан сайланды.
Мәслихат алдында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматы қаласы мәслихатының жұмысын жаңа форматта «қайта жаңғыртуды» талап ететін бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам шеңберінде өршіл міндеттер тұрды.
Осыған байланысты, мәслихат құрылымын барынша оңтайлы және бүгінгі шындыққа сай ету қажет болды.
Бұрын болған құрылым мобильді емес еді. Мәселен, білім беру саласының мәселелерін үш түрлі комиссияның қарауына шығару талап етілді.
Осыған байланысты, қазіргі комиссияларды қайта бөлуді қайта қарау ұсынылды, себебі өткен шақырылымның депутаттары құрылымды өзгерту бойынша бірнеше рет ұсыныстар енгізген.
Осыған байланысты, сондай-ақ мәслихаттың тұрақты комиссияларының тиімді жұмыс істеуі мақсатында алты тұрақты комиссия құрылды:
Мәслихат әрқашан жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізуде алдыңғы қатарда және өз тәжірибесімен еліміздің басқа өңірлерімен үнемі бөлісіп отырады. Әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуде қалалық мәслихат депутаттарының рөлі артуда. Алматы мәслихатының депутаттары 2019 жылдың ақпан айында басталған «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» жобасын бірінші болып қолдап отырғаны таңқаларлық емес.
2019 жылды қазақстандық қоғамның көп балалы аз қамтылған отбасылардың өмір сүру сапасын арттыру жағына қарауының бетбұрыс жылы деп санауға болады. Жыл басында мегаполистің аз қамтылған көп балалы отбасыларын кешенді қолдау туралы шешім қабылдап, Алматы қаласының мәслихаты қалада да, жалпы елде де қоғамда маңызды рөл атқарды. Бұл қадам әрқайсымыздың ойымызға түпкілікті өзгеріс әкелді.
2019 жылы қалалық әлеуметтік бағдарлама аясында мәслихат депутаттарының бастамасымен қабылданған және 7 бағыт бойынша 13 нақты шараны қамтитын ауқымды жұмыс атқарылды:
- әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы басталды;
- арнайы «Бақытты отбасы» орталықтары құрылды, онда бір терезе қағидаты бойынша заң және психологиялық консультация, оңалту көмегі және т.б. көрсетіледі; көпбалалы аналар жұмысқа орналастырылды;
- аз қамтылған отбасылардағы балалардың оқу озаттарына (оқушылар мен студенттерге) шәкіртақы төлене бастады;
- мегаполистің аз қамтылған отбасылары үшін екінші баладан бастап балабақша тегін болды;
- қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарды қолдау үшін біржолғы төлемдер тағайындалды. Бір жыл ішінде әртүрлі жағдайларға байланысты (асыраушысынан айрылу, мүгедектік алу, зорлық-зомбылықтан, төтенше жағдайлардан зардап шеккендер және т.б.) 4,3 мың адамға көмек көрсетілді;
- аз қамтылғандарға ыстық және суық сумен жабдықтаудың жеке есептеу құралдарын орнатуға төленетін төлем мөлшері 70%-ке ұлғайтылды;
- мүгедек балаларды үйде оқыту бойынша шығындарды өтеуге атаулы әлеуметтік көмек 30%-ке ұлғайтылды;
- аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан азаматтарды жұмыспен қамтуға 1 млрд.теңге бөлінді;
- жұмыссыз аналарға шәкіртақы төлей отырып, кәсіптік даярлау және оқыту, жастар практикасынан өту, субсидиялай отырып жұмысқа орналастыру және ай сайынғы жалақысы бар әлеуметтік жұмыстарға тарту ұйымдастырылды.
2019 жылдың басында «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының қолдауымен «Бақытты отбасы – Алматы» қоғамдық қайырымдылық қоры құрылды. Бұл уақыт талабы болды!
2019 жылдың ақпан айында мәслихат депутаттары «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының конференциясында қайырымдылық қорын құру идеясын ұсынды. Қала депутаттары қорға 62 млн.теңгеден астам қаражат салды.
Сондай-ақ, депутаттар Арыс қаласында болған қайғылы оқиғаны естігенде шетте қалмады және сол күні жедел түрде Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына қайырымдылық көмек ұйымдастырылып, 35 млн.теңгеден астам қаржы аударылды және 25 млн. теңгеден астам сомаға гуманитарлық көмек жіберілді.
Тұтастай алғанда, Қор еліміз үшін осындай күрделі уақытта тұрақтандырушы рөл атқарды. Бүгінде Алматы қаласы депутаттарының бастамасын қолға алып, көп балалы аз қамтылған отбасыларға және Қазақстанның басқа да өңірлеріне көмек ретінде түрлі қайырымдылық қорлары ашылып, оның құрылуы жалғасуда.
Аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап кепілдендірілген әлеуметтік пакет енгізіледі – бұл мектеп жасына дейінгі балаларға тұрақты көмек көрсету, барлық оқушыларға тегін ыстық тамақ беру, оқу құралдарымен және формамен қамтамасыз ету, медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмекті төлеу, қоғамдық көлікте жол жүру шығындарын өтеу. Бұдан басқа, балалы аз қамтылған отбасыларға үй бизнесін жүргізу дағдыларын алуға көмек көрсетілетін болады.
Депутаттардың сайлаушылармен тұрақты кездесулерінде қала тұрғындары несие алу, тұрғын үй бөлу, рұқсат беру құжаттарын рәсімдеу, жұмысқа орналасу және басқа да әлеуметтік көмек мәселелерін жиі көтереді. Осыған байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасы мүшелеріне әлеуметтік көмек көрсету және оларды жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру үшін әрбір отбасының әлеуметтік карталары жасалды. Отбасының әрбір еңбекке қабілетті мүшесі өз отбасы үшін ортақ жауапкершілікте болуға, жұмыс істеуге және отбасына қиын жағдайлардан шығуға көмектесуге тиіс. Сондықтан мәслихат депутаттары көп балалы аналарды микро және шағын бизнеске, соның ішінде үйде оқытуға тартудың арнайы бағдарламасын әзірлеуді ұсынды.
2019 жылғы желтоқсанда мәслихат сессиясында Алматы қаласының аз қамтылған отбасыларын қолдаудың «ISKER ANA» өңірлік бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның мақсаты - аз қамтылған аналарды кәсіпкерлік негіздеріне құзыреттілікті арттыру курстарын ұйымдастыру, бизнесті ашу және жүргізу дағдыларын қалыптастыру, өз бизнесін ұйымдастыру үшін қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыру арқылы оқыту, сондай-ақ жұмысқа орналасуға жәрдемдесу.
«ISKER ANA» бағдарламасы аз қамтылған отбасылармен компанияны тіркеуден, заңгерлік және психологиялық көмектен бастап кәсіпкерлік негіздері бойынша курстарға жіберуге, бизнес-жоспар құруға, өз бизнесін ашуға, грант немесе микрокредит алуға, сондай-ақ жұмысқа орналасуға дейін қадамдық жұмысты қарастырады.
Отбасы - қоғамның негізі, ал бақытты отбасы - қоғамның өміршеңдігі мен тұрақтылығының кепілі, мемлекеттің өркендеуіне қол жеткізудің негізгі жолдарының бірі.
Аталған шаралардың барлығы еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев жария еткен «Nur Otan» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасының «Әрбір қазақстандық отбасының әл-ауқаты» негізгі мақсаты орындалғанын және іске асырылып жатқанын көрсетеді. Барлық қабылданған шаралар мегаполистің әрбір отбасының әл-ауқатын лайықты деңгейге көтеруге көмектеседі. Бұл жерде үлкен еңбегі Алматы қаласының депутаттық корпусына тиесілі!
Мәслихат депутаттары халыққа барынша жақын болуға тырысады, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бойынша тұрғындармен еркін форматта жиі кездесулер өткізеді. Депутаттар қаланы абаттандыруға ерекше назар аударады, әлеуметтік жауапкершілік және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кәсіпкер депутаттар өз қаражаты есебінен балалар мен воркаут алаңдарын салды, аулаларды абаттандырды және өз округтеріндегі жолдар мен тротуарларды жөндеді. Көп балалы аз қамтылған отбасыларды және жалғыз басты мұқтаж зейнеткерлерді өз қамқорлығына алады. Бұдан басқа, депутаттық корпус Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру – болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын, «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, «Бақытты балалық шақ» - «Счастливое детсво»; «Кедергісіз келешек» - «Будущее без барьеров»; «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобаларын - «Аға буынға қамқорлықпен»; «Ұлы Дала Елі»- «Страна великой степи», сайлауалды тұғырнамасы, партиялық бағдарламалық құжаттарды түсіндіру, іске асыру бойынша және тағы басқа мақсатты жұмысттар жүргізілуде.
Мәслихаттардың жергілікті мемлекеттік басқару жүйесіндегі маңызды рөлі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға енгізілген түзетулерде көрініс тапты. Өңірлермен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру үшін Сенатта жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылды, кеңес мәслихаттардың рөлін одан әрі нығайту бойынша үкіметке арналған ұсынымдар топтамасы дайындады. Мысалы, заң жобаларын талқылау кезінде Мәжіліс пен мәслихаттардың бірлескен жұмысын жүргізу ұсынылады.
2019 жыл біз үшін ерекше жыл, Қазақстан Республикасында мәслихаттардың құрылғанына 25 жыл болды. 25 жыл ішінде мәслихаттар өздерінің қажеттілігін дәлелдеді, үлкен және қажетті жұмыс жүргізіп, қоғамда өз орнын тапты. 2019 жылғы 6 желтоқсанда Нұр-сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына арналған республикалық Конференция өтті, онда барлық өңірлерден 400-ден астам делегат жиналып, біздің депутаттарымыз марапатталды. 2019 жылғы 23 желтоқсанда қала мәслихаты Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына арналған Алматы конференциясын өткізді, оған 100-ден астам делегат, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Т. Мұқашев пен Д. Нөкетаева, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Ж. Бабақұмаров, Алматы қалалық мәслихатының бірінші хатшысы, ҚР Парламенті Сенатының экс-депутаты Ж. Төрегелдинов шақырылды. Конференция барысында ерте және қазіргі шақырылған депутаттары: Е.Б. Тәжиевке, К.С. Баймұхамбетовке, С.М. Калаковқа А.А. Мұсабаеваға, Ж.К. Едігеновке, Б.М. Оспановқа «Қазақстан Республикасы мәслихаттарының «Құрметті депутаты» құрметті атағы берілді. ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің депутаты С.А. Козловқа алғыс хаты табысталды, депутаттар И.И. Байрамуков, А.Л. Гарбер, З.И. Касанов, Ф.А. Константинов, В.С. Ли, Ф. Мерхамитқызы, Н.Т. Мұхамед-Рахимов, Б.М. Оспанов, Н.И. Ниязова, Ш.Н. Омаров Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаттарымен марапатталды. ҚР Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен депутат Б.Н. Садықов марапатталды, депутаттар: М.Ш. Абдуллаев, Г.К. Ахметова, М.В. Грачев, А.К. Чиликбаев, «Мәслихат және Әкімдік» республикалық журналының халықаралық істер жөніндегі қоғамдық редакторы Т.А. Тоқтыбеков, «Мәслихат және Әкімдік» республикалық журналының жауапты хатшысы Е.Ж. Зангиров Парламент Сенатының Алғысы жарияланды. «Nur Otan» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен депутаттар: З.И. Қасанов, Н.Т. Мұхамед-Рахимов марапатталды. Конференцияға қатысқан барлық қатысушылар «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Мәслихат 72 сессия, оның ішінде 40 кезектен тыс сессияны дайындады және өткізді. 518 шешім қабылданды, оның ішінде 120 шешім нормативтік құқықтық актілер ретінде Алматы қаласының Әділет департаментінде тіркелді, бұл алтыншы шақырылымда Алматы қаласының мәслихаты қабылдаған шешімдердің жалпы санының 23,16% құрайды.
Депутаттар мен мәслихат аппаратының мамандары азаматтардан келіп түскен әрбір өтінішті мұқият қарап, құқықтық кеңестер, түсіндірмелер берді, мүмкін болған жағдайда түрлі мәселелерді шешуде қолдан келгенше көмек көрсетті. Мәслихатқа түскен азаматтардың өтініштері бойынша мәселелердің көпшілігі атқарушы органның қарауына жатады. Өтініштерде қозғалған негізгі мәселелері - аула аумақтарының асфальтбетон жабындарын жөндеу, тұрғын үй жағдайларын жақсарту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында қызмет көрсету сапасы, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көппәтерлі үйлерді, кіреберістерді, шатырларды жөндеу, көшелерді жарықтандыру.
Депутаттар бекітілген кесте бойынша азаматтарды жеке қабылдайды. Еңбек ұжымдарында, тұрғылықты жері бойынша, қоғамдық ұйымдармен сайлаушылармен кездесулер өткізді, сайлау округтері үшін маңызды оқиғаларға қатысты, сайлаушылардың мәселелерін шешуде көмек көрсетті, түрлі мүмкіндіктерді пайдалана отырып: түрлі инстанцияларға сұраныстар жолдаудан бастап қайырымдылық көмек көрсетуге дейін жұмыстар жүргізілді.