Меню

Страницы

Статья

IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты (2007-2012 жж.)

2007 жылғы 18 тамызда өткен төртінші сайланған мәслихаттар депутаттарын сайлау конституциялық реформаның іс жүзінде жүзеге асырылуы болды. Сайлау Мемлекет басшысының «бұл үдерісте саяси партиялар басты рөл атқаруы тиіс», «партиялық тетіктердің нығаюы қазіргі заманғы азаматтық қоғамның қалыптасуына, халықтың қоғамдық процестерге кеңінен тартылуына ықпал ететін болады» деген идеясын тағы да растады.

Алматы қаласында 37 сайлау округі құрылып, тиісті депутаттар саны сайланды.

  1. Абдижаппаров Талгат Кайырбаевич
  2. Абдуллаев Серик Калыкович
  3. Баймухамбетов Куандык Сергеевич
  4. Бейсембина Нагигуль Нурхановна
  5. Бекмагамбетова Людмила Петровна
  6. Бергарипов Халибек Зейнуллинович
  7. Бережной Игорь Анатольевич
  8. Биртанов Амантай Биртанович
  9. Булекбаев Виктор Ертасович
  10. Есполов Тлектес Исабаевич
  11. Измухамбетов Талапкали Абишевич
  12. Казанбаев Калдыбай Омарович
  13. Калаков Сеильбек Машаевич
  14. Козлов Сергей Анатольевич
  15. Кочкаров Мухтар Убайдуллаевич
  16. Кузнецов Александр Александрович
  17. Ли Иван Иванович
  18. Маралов Адылмырза Бейсебаевич
  19. Моргунов Андрей Викторович
  20. Мукашев Тулеубек Тулеуович
  21. Мусабаева Алуа Абуталиповна
  22. Мустафин Санжар Анатольевич
  23. Нам Олег Юрьевич
  24. Оспанов Болат Мусагажинович
  25. Петрухин Дмитрий Иванович
  26. Печеник Олег Владимирович
  27. Попелюшко Анатолий Висханович
  28. Савченко Светлана Юрьевна
  29. Садибеков Галым Калыбаевич
  30. Саматдин Аблайхан
  31. Тажиев Есентай Бодесович
  32. Ускенов Канат Камзеевич
  33. Шалабаев Кусман Каримович
  34. Шардинов Ахметжан Бакримович
  35. Шарипов Исмагиль Лутфуллович
  36. Шелипанов Александр Иванович
  37. Шин Бронислав Сергеевич

Мәслихат хатшысы болып депутат Төлеубек Төлеуұлы Мұқашев сайланды. Өкілдік билік саласында тәжірибесі бар ол депутаттық корпустың қызметін сайлаушылардың сұраныстары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға, депутаттардың өмірді қамтамасыз ету міндеттерін қою мен шешуге, әлеуметтік саланы жетілдіруге шебер бағыттады.

Өткен сайлау президенттік-парламенттік республиканы қалыптастыру жөніндегі конституциялық реформаның іс жүзінде жүзеге асырылуы болды. Елдің заң шығарушы органының төменгі палатасының пропорционалды сайлау жүйесіне көшу, Парламенттің өкілеттіктерін кеңейтумен қатар, халықтың саяси партиялар арқылы елді басқаруға қатысу тетігін құру болып табылады. Қазіргі сайлау жүйесін сынақтан өткізу саяси партиялардың мемлекет ішінде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси процестер үшін рөлі мен жауапкершілігін арттырды.

Сайлау барысында «Нұр Отан» ХДП сайлаушыларға айқын қолдау көрсетті. Мәслихаттың депутаттық фракциясы құрылды, ол өз қызметінің басында сайлаушылар алдындағы өз борышын орындау, партияның бағдарламасын, өзіне алған міндеттерін сапалы іске асыру міндетін қойды. Олардың орындалуын одан әрі бақылау үшін депутаттардың сайлау алдындағы міндеттемелері жинақталды.

Бірінші ұйымдастыру сессиясында 6 тұрақты депутаттық комиссия және тексеру комиссиясы құрылды:

  1. Экономика және бюджет бойынша.
  2. Ғылым, білім, мәдениет және спорт мәселелері бойынша.
  3. Экология, денсаулық сақтау және ТЖ мәселелері бойынша.
  4. Қала құрылысы, абаттандыру және коммуналдық меншік мәселелері бойынша.
  5. Заңдылық, құқықтық тәртіп, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша.
  6. Әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім бойынша.
  7. Тексеру комиссиясы.

Тұрақты комиссиялар өз қызметін өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша мәслихаттың перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады. Тұрақты комиссиялардың жұмыс жоспарлары олардың отырыстарында бекітіледі және әрбір жартыжылдыққа қабылданады.

Дата публикации
Дата обновления
Тип

Сейчас читают

01 июля 2026
Қазақстан Республикасының Конституциясы
13 мая 2025
Мемлекеттiк сатып алу
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы