Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 9 тамыздағы № 38 шешімі
Алматы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 198 «Алматы қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Алматы қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 1 417 939 191,3 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 1 220 718 384,3 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 15 896 974 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 43 594 076 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 137 729 757 мың теңге;
2) шығындар – 1 537 689 602,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 19 787 230 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 74 333 355 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 74 783 355 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -213 870 996 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициті пайдалану) –
213 870 996 мың теңге.»;
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Қала бюджетінде жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді қаржыландыру 18 726 514 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Қорғаныс шығындары 21 282 298 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. Қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметті қамтамасыз ету бойынша шығындар 40 268 006 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Білім беру шығындары 447 476 131 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Денсаулық сақтау шығындары 41 586 127,1 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«11. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету шығындары 68 385 419 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«12. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындары 295 567 725,9 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«13. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік шығындары 71 669 520 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«14. Отын-энергетика кешенiне және жер қойнауын пайдалану шығындары 19 700 741 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«15. Ауыл шаруашылығы, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың, қоршаған орта мен жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары шығындары 12 948 659 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«16. Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтеріне шығындар 13 550 831 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«17. Көлік және коммуникация шығындары 225 278 556 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
18-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«18. Басқа да шығындар 140 336 169 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
19-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«19. Жергілікті атқарушы органның резерві 31 828 774 мың теңге сомасында бекітілсін.».
Алматы қаласы
мәслихатының төрағасы М. Отыншиев