Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 9 тамыздағы № 36 шешімі
«Алматы қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 497 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар» 1-бөлімі келесі мазмұндағы қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші, елу сегізінші жолдармен толықтырылсын:
«
|
49) |
Аорта доғасы синдромы (Такаясу) |
«Тоцилизумаб» |
|
50) |
Миелодиспластикалық синдром |
«Азацитидин» |
|
51) |
Туберозды склероз |
«Эверолимус» |
|
52) |
Крон ауруы |
«Инфликсимаб» |
|
53) |
Сананың бұзылуымен және екі жақты тоникалық-клоникалық ұстамалармен фокальді ұстамалары бар симптоматикалық фокальді эпилепсия. Антиконвульсанттарға төзімділік. Оң жақ төбе бөлігінде түзілуі (ДНЭО-дисембриопластикалық нейроэпителиальды ісік, ми қыртысының мальформация түрі) |
«Финлепсин ретард» |
|
54) |
Остеопороз |
«Денозумаб» |
|
55) |
Ұстамалы гемоглобинурия, түнгі |
«Экулизумаб» |
|
56) |
Криптогенді ошақты эпилепсия |
«Леветирацетам» |
|
57) |
Стилл ауруы |
«Анакинра» |
|
58) |
MELAS синдромы |
«Цитруллина малат» |
|
«Убидекаренон» |
».
Алматы қаласы
мәслихатының төрағасы М. Отыншиев