Алматы қаласы Мәслихатының 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 197 шешімі
«Алматы қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы
азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін,
оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді,
медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы»
Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 497
шешiмiне толықтырулар енгізу туралы
Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар» 1-тарауы келесі мазмұндағы қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші жолдармен толықтырылсын:
«
|
46) |
Нейрофиброматоз |
«Селуметиниб» |
|
47) |
Аллергиялық компонент басым демікпе |
«Омализумаб» |
|
48) |
Вискотт-Олдрич синдромы. Терінің, лимфа түйіндерінің, гемопоэтикалық жүйенің зақымдалуымен Лангерганс жасушаларының көпжүйелі гистиоцитозы |
«Адамның қалыпты иммуноглобулині» |
».
Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы С. Канкуров