Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 208-бабының
4-тармағына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Электр қозғалтқышындағы көлік құралдарынан (электромобильдерден), арнайы техникадан және коммуналдық, жедел көлік құралдарынан басқа, Шымбұлақ шатқалының ерекше қорғалатын табиғи аймағына көлік құралдарының және шұғыл қызметтер, сондай-ақ осы аймақта тұратын жеке тұлғаларға тиесілі көлік құралдары кіруін шектеу.
Демалыс және мереке күндері осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шектеу электр қозғалтқышындағы көлік құралдарына (электромобильдерге) да қолданылады.
- «Алматы қаласы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Алматы қаласы мәслихатының
интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы
мәслихатының төрағасы М. Отыншиев