Алматы қаласы мәслихатының 2026 жылғы 21 тамыздағы № 331 ««Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» шешімі

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № 279-НҚ бұйрығымен бекітілген «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын берудің үлгілік қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38935 болып тіркелген), Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса беріліп отырған «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын беру қағидалары бекітілсін.
  2. «Алматы қаласы Мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Алматы қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы мәслихатының 2026 жылғы 21 тамыздағы № 331 ««Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» шешімі
Дата публикации
21 сентября 2026