«Алматы қаласында суицидтің алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2026 жылғы 30 шілдедегі № 325 шешімі

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы
1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының
мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алматы қаласында суицидтің алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы бекітілсін.
  2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Алматы қаласы
мәслихатының төрағасы                                                                            М. Отыншиев

 

 

 

 

Алматы қаласы мәслихатының
2026 жылғы 30 шілдедегі
№ 325 шешіміне қосымша

  

Алматы қаласында суицидтің алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы

 

  1. Алматы қаласы әкімінің қоғамдық денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары, Комиссия төрағасы;
  2. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Комиссия төрағасының орынбасары;
  3. Алматы қаласы мәслихатының депутаттары (келісім бойынша);
  4. Алматы қаласы прокурорының орынбасары (келісім бойынша);
  5. Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары (келісім бойынша);
  6. Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары (келісім бойынша);
  7. Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі;
  8. Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі;
  9. Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі;
  10. Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі;
  11. Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі;
  12. Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі;
  13. Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі;
  14. Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі;
  15. Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы;
  16. Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы;
  17. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы;
  18. Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы;
  19. Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы;
  20. Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы;
  21. Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы;
  22. Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы;
  23. Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы;
  24. Алматы қаласы Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы;
  25. Алматы қаласы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінің басшысы;
  26. «Just Support» қорының атқарушы директоры (келісім бойынша);
  27. Алматы қаласы психикалық сауықтыру орталығының директоры;
  28. Алматы қаласы психологиялық қолдау орталығының директоры;
  29. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс ересектер бас психиатры;
  30. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс балалар бас психиатры;
  31. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының емдеу-профилактикалық қызмет, мониторинг, талдау, цифрландыру және мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы, Комиссия хатшысы, дауыс беру құқығынсыз.

 

 

 

«Алматы қаласында суицидтің алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2026 жылғы 30 шілдедегі № 325 шешімі
Дата публикации
20 августа 2026