Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
қосымшада:
Алматы қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Алматы қаласы
мәслихатының төрағасы М. Отыншиев
Алматы қаласы мәслихатының
2026 жылғы 10 маусымдағы
№ 308 шешіміне қосымша
Алматы қаласы мәслихатының
2024 жылғы 15 сәуірдегі
№ 111 шешімімен бекітілген
Алматы қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
|
№ |
Атауы |
Бағасы, теңгемен (16% ставка бойынша ҚҚС-ты ескере отырып) |
|
1 |
Айына абаттандырылған және абаттандырылмаған секторлардың 1 тұрғынына халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тариф |
744,1* |
|
2 |
1 текше метр тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тариф |
3 832,5 |
Ескерту:
Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтардың жекелеген санаттары үшін мынадай мөлшерде жеңілдіктер көзделген:
100% жеңілдік – Ұлы Отан соғысының қатысушыларына;
50% жеңілдік – Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендерге,
I топтағы мүгедектігі бар адамдарға, көп балалы аналарға, оның ішінде балаларға, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, мүгедек балаларға, жетім балаларға;
25% жеңілдік – II топтағы мүгедек адамдарға және халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдеріне.
Жеңілдіктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беріледі және тиісті санатқа жататынын растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда тұтынушы өтініш берген күннен бастап есеп айырысу кезінде қолданылады.