«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
27-бабына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
- «Алматы қаласы Алматы хайуанаттар бағының ерекше қорғалатын табиғи аумағын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 498 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1660 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы
мәслихатының төрағасы М. Отыншиев