«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
27-бабына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
- «2025 жылға дейін Алматы қаласы үшін қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы» Алматы қаласы мәслихатының
2019 жылғы 9 тамыздағы № 379 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1577 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы
мәслихатының төрағасы М. Отыншиев