Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Аккаунты соц. сетей:
Жылқыбаев Досбол Мәлікомарұлы
Депутат
Общая информация, образование

Жылқыбаев Досбол Мәлікомарұлы 1984 жылғы 27 қыркүйекте Жамбыл облысы Сарысу ауданына қарасты Әшір Бүркітбаев ауылында дүниеге келген. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» және «Кеден ісі» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы Қытай Халық Республикасының бизнес саласында бастап, Бейжің, Гуанчжоу және Шанхай қалаларында жұмыс істеген. Кейін Мәскеу, Киев және Минск қалаларындағы іскерлік ортамен ынтымақтастық орнатқан.

«DosStroyConsult» компаниясының құрылтайшысы әрі директоры.

Қоғамдық және қайырымдылық жұмыстарға белсенді қатысады. Арыс қаласындағы төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерге көмек көрсетіп, пандемия кезеңінде республикалық «Біз біргеміз» акциясына атсалысқан. Сонымен қатар жас спортшыларды, балалар үйлері мен қарттар үйлерін тұрақты түрде қолдап келеді.

«AMANAT» партиясының мүшесі.

VII шақырылымдағы Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты болып, кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі комиссия құрамында жұмыс атқарған.

«Құрмет» орденімен, «Халық алғысы» медалімен, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен, «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы