Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Аккаунты соц. сетей:
Омарханов Ербол Секенұлы
Депутат
Общая информация, образование

Омарханов Ербол Секенұлы, 1980 жылы 3 желтоқсанда Алтай өлкесі Рубцовск қаласында дүниеге келген. 1980 жылдан 1998 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха қаласында тұрды.

1998 жылы Шемонаиха орта мектебін бітіргеннен кейін Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экономика және құқық факультетіне оқуға түсті. «Құқықтану» мамандығы бойынша оқыды.

2002 жылы университетті үздік бітіріп, «Заңгер» біліктілігін алды. Сол жылы Алматы қаласына көшіп келіп, қазіргі уақытқа дейін тұрғылықты жерін өзгертпеді.

Еңбек өмірбаяны ШОБ субъектілерін қаржылық қолдауға маманданған, Қазақстан мен Орталық Азиядағы жетекші МҚҰ бірі болып табылатын «KMF» микроқаржы ұйымында басталды.

2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасындағы барлық микрокредиттердің  90%-ың негізінен микрокәсіпкерлікті дамытуға беретін микроқаржы ұйымдарына кіретін, «Қазақстан микроқаржылық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ директоры болып табылады. Микроқаржы саласында 15 жылдан астам практикалық жұмыс тәжірибесі бар. 

«Қазақстан микроқаржылық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ микроқаржы секторын қолдау және дамыту мәселелері бойынша белсенді жұмыс істейді, «Атамекен» ҚР ҰКП-да аккредиттелген, Қазақстан микроқаржылық ұйымдары қауымдастығының және халықаралық микроқаржы орталығының (Польша) мүшесі болып табылады.

Микроқаржы ұйымдарының қызметіне қатысты заңдарды, оларға өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі жұмыс топтарының мүшесі болды.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының «Қазақстанның еңбек сіңірген қаржыгері» медалімен марапатталған. 

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы