Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Аккаунты соц. сетей:
Жампиисов Көпесбай Оразбайұлы
Депутат
Общая информация, образование

Мен, Жампиисов Көпесбай Оразбайұлы 1950 жылы 25 мамырда  Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылында дүниеге келгенмін. Ұлтым – қазақ. Үш балам бар.   1967 жылы №11 орта мектепті аяқтадым. Білімім – жоғары. 

1975 ж. «Штурман-саяси қызметкер» мамандығы бойынша жоғары әскери-теңіз саяси училищесін үздік аяқтадым. 1984 ж. В.И.Ленин атындағы әскери-саяси академиясының әскери-теңіз факультетін аяқтадым (Мәскеу қаласы).

Еңбек жолымды 1967 жылы Іле ауданы, Николаевка ауылындағы "Рассвет" кеңшарында жұмысшы болып бастадым.

1968-1993 жж. КСРО Тынық мұхит және Балтық флоттарында командалық-саяси лауазымдар атқардым.

1993 жылы Балтық флотының зымырандық кемелері дивизиясы командирінің орынбасары қызметінен Қазақстанға ауыстым.

1993-2002 жж. Қазақстан Қарулы Күштерінде әр түрлі лауазымдарда қызмет атқардым. «ҚР Қорғаныс министрі аппаратының бастығы» қызметінен (ҚР Қорғаныс министрлігінің алқа мүшесі, генерал-майор штаттық санаты) жасы бойынша запасқа шығарылдым. Әскери атағым – отставкадағы бірінші дәрежелі капитан.

2003 жылдан жеке кәсіпкермін.

2005-2009 жж. «Алтын Алма» сауда ойын-сауық кешенінің техникалық директоры болдым, 2009 жылдан бастап «Алтын Алма» сауда ойын-сауық кешені Президентінің кеңесшісімін.

2011-2012 жылдары «Экохим» компаниясы» ЖШС коммерциялық директоры болдым.

2006 жылдан қазіргі уақытқа дейін «МП-ККК» ЖШС бас директорымын.

Қоғамдық қызметім:

«Алматы қалалық Ұлы Отан соғысы, әскери қызмет және тыл ардагерлері кеңесі» ҚБ төрағасымын;

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесімін;

«Ардагерлер ұйымы» РҚБ Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасарымын; 

«Казахстанская правда» республикалық газеті атындағы Халықаралық фронт клубының мүшесімін; 

«Қазақстан Республикасының бейбітшілік және келісім кеңесі» РҚБ басқарма мүшесімін;

«Қазақстанның Бессмертный полкі» азаматтық қозғалысының тең құрылтайшысымын.

Қ.О.Жампиисов туралы ақпарат «Қазақ жерінің құрметті адамдары» атты өмірбаяндық жинақтар сериясында жарық көрді.

«Отанға қызмет үшін», «Құрмет» ордендерімен марапатталғанмын және 20-дан аса медальдар иегерімін.

«Ақ жол» Қазастан Демократиялық партиясының мүшесімін және Алматы қаласы мәслихатындағы «Ақ жол» ҚДП партиясы фракциясының басшысымын.

2021 жылдан VII сайланым Алматы қаласы мәслихатының депутатымын.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы