GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Мәслихат туралы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Все материалы
15 октября 2026
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 86-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылсын.

2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, оның дайындығы мен өткізілуін ұйымдастыру жөніндегі шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын.

4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

                   Президенті                                                         Қ.Тоқаев

Депутаттар
30 сентября 2026
2026 жылғы 30 қыркүйекте аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

2026 жылғы 30 қыркүйек аудандық мәслихат төрағасы М.Тулеуовтың төрағалық етуімен аудандық мәслихаттың кезектен тыс елуінші сессиясы өтті.

Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселе қаралды:

1.Алға аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы.

Депутаттар сессияның күн тәртібіндегі мәселелерді тыңдап, талқылап, тиісті шешімдер қабылдады.

29 сентября 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ

Алға аудандық мәслихатының кезектен тыс елуінші сессиясы 2026 жылғы 30 қыркүйекте  сағат 09 – 30 - де аудан әкімдігінің ғимаратында өтеді (Алға ауданы, 5 шағын аудан, 4 үй, мәжіліс залы).

Күн тәртібі:

1.Алға аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы.

 

Алға аудандық

мәслихатының төрағасы                                                     М.Тулеуов

25 сентября 2026
2026 жылғы 25 қыркүйекте аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

2026 жылғы 25 қыркүйек аудандық мәслихат төрағасы М.Тулеуовтың төрағалық етуімен аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық тоғызыншы сессиясы өтті.


Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:

1. Алға аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 351 «2026-2028 жылдарға арналған Алға аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу.
2. Алға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы №397 «Алға аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3. Кейбір учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы.
4. Алға аудандық мәслихатының 2026 жылғы 15 мамырдағы № 407 «Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюдың 40-жылдығына орай Алға ауданының мұқтаж азаматтарының санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешімінің күшін жою» туралы.

Депутаттар сессияның күн тәртібіндегі мәселелерді тыңдап, талқылап, тиісті шешімдер қабылдады.

23 сентября 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ

Шығып қалғандардың орнына сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы Алға  аудандық мәслихатының

ХАБАРЛАМАСЫ

Жарияланды: 23.09.2026 ж.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихаты 3 учаскелік сайлау комиссияларының құрамына шығып қалған мүшелерінің орнына мүшелерін сайлау үдерісінің басталуы туралы хабарлайды.

Аумақтық сайлау комиссиялары жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 23 қыркүйектен бастап  8 қазанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 8 қазанға дейін дүйсенбі – жұма күндері 09:00-18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 12:30-ден 14:00-ге дейін.

Тулеуов Марат Шамшадинович – Алға аудандық мәслихатының төрағасы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Алға қаласы, 5 ш/а 4 үй.

Тел.: (871337) 4-23-06, 4-10-00.

Электрондық пошта мекенжайы alga-maslihat@yandex.kz 

Алға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

№

р/н

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

Ұсынған партия ұйымының және қоғамдық бірлестіктердің атауы

1

2

3

4

5

Учаскелік сайлау комиссиялары – 3

1

159

Алға қаласы

1

«Ардагерлер ұйымы» РҚБ

Алға аудандық филиалы

2

161

Алға қаласы

1

«Ақтөбе облыстық ерікті мүгедектер қоғамы» ҚБ Алға аудандық филиалы

3

165

Қайнар ауылы

1

«Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстан салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық ұйымының Алға аудандық  филиалы

 

Алға аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық тоғызыншы сессиясы 2026 жылғы 25 қыркүйекте  сағат 15 – 00 - де аудан әкімдігінің ғимаратында өтеді (Алға ауданы, 5 шағын аудан, 4 үй, мәжіліс залы).

Күн тәртібі:

  1. Алға аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 351 «2026-2028 жылдарға арналған Алға аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу.
  2. Алға аудандық мәслихатының 2026 жылғы 15 мамырдағы № 407 «Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюдың 40-жылдығына орай Алға ауданының мұқтаж азаматтарының санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешімінің күшін жою туралы.
  3. Алға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы №397 «Алға аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Басқа да мәселелер.

 

Алға аудандық

мәслихатының төрағасы                                                     М.Тулеуов

 

Депутаттар
07 августа 2026
2026 жылғы 7 тамызда аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

2026 жылғы 7 тамыз аудандық мәслихат төрағасы М.Тулеуовтың төрағалық етуімен аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық сегізінші сессиясы өтті.
Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. Алға аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №351 «2026-2028 жылдарға арналған Алға аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Алға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы №78 «Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Депутаттар сессияның күн тәртібіндегі мәселелерді тыңдап, талқылап, тиісті шешімдер қабылдады.

Депутаттар
04 августа 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ

Алға аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық сегізінші сессиясы 2026 жылғы 7 тамызда  сағат 10 – 00 - де аудан әкімдігінің ғимаратында өтеді (Алға ауданы, 5 шағын аудан, 4 үй, мәжіліс залы).

Күн тәртібі:

1. 2026 жылғы аудан бюджетіне өзгерістер енгізу туралы;
2. Алға ауданының әлеуметтік көмек көрсету Қағидаларына өзгеріс енгізу.

Депутаттар
24 июня 2026
2026 жылғы 24 маусымда аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

2026 жылғы 24 маусымда аудандық мәслихат төрағасы М.Тулеуовтың төрағалық етуімен аудандық мәслихаттың кезекті қырық жетінші сессиясы өтті.

Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:

1. Аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 4 наурыздағы №260 «Аудандық ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша атқарылған жұмыстар және алдағы жоспардары туралы шешімінің орындау барысы туралы.
2. Аудандық ішкі саясат бөлімінің атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы.
3. «Алға ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы.
4. Ақтөбе облысы Алға ауданы Алға қаласындағы атауы жоқ көшелерге атау беру туралы.
5. Алға аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 351 «2026-2028 жылдарға арналған Алға аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
6. Алға қаласы және 7 ауылдық (Бесқоспа, Бестамақ, Қарағаш, Маржанбұлақ, Сарықобда, Тамды, Тоқмансай) округтердің 2026 – 2028 жылдарға арналған бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы.
7. Алға ауданының 2025 жылғы бюджетінің орындалуы туралы Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының есебін бекіту туралы.

Депутаттар сессияның күн тәртібіндегі мәселелерді тыңдап, талқылап, тиісті шешімдер қабылдады.

Депутаттар
24 июня 2026
Алға аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы өтті

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізілді.

Күн тәртібінде аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Д.Асқарованың 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 351 «2026-2028 жылдарға арналған Алға аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы ақпараты тыңдалды.

Депутаттар ақпаратты тыңдап, талқылап, тиісті қаулы қабылдады.

Депутаттар
16 июня 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ

Алға аудандық мәслихатының кезекті қырық жетінші сессиясы 2026 жылғы 24 маусымда  сағат 10 – 00 - де аудан әкімдігінің ғимаратында өтеді (Алға ауданы, 5 шағын аудан, 4 үй, мәжіліс залы).

Күн тәртібі:

1.Аудандық ішкі саясат бөлімінің атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы.

2.Аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі бойынша ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар туралы аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 4 наурыздағы № 260 шешімінің орындалу барысы туралы.

3.Басқа да мәселелер.

 

Алға аудандық

мәслихатының төрағасы                                                     М.Тулеуов

Социальные сети
Instagram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы