
КУБЕСОВА ДИНАРА КАЛИМЖАНОВНА
Алға аудандық мәслихатының әлеуметтік сала, жастар саясаты, заңдылық, депутаттық өкілеттік, этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.
1975 жылы 20 ақпанда Ақтөбе облысы Алға қаласында дүниеге келген.
Оқу: 2003 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын: 1998-2003 жылдары В. И. Пацаева атындағы №2 Алға орта мектебінде аға тәлімгер болып бастаған, Алға қ., Ақтөбе облысы.
2003-2005 жылдар аралығынды В. И. Пацаева атындағы №2 Алға орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді, Алға қ., Ақтөбе облысы.
2005-2015 жылдар аралығында В. И. Пацаева атындағы №2 Алға орта мектебінде директордың оқу бөлімі бойынша орынбасары болып жұмыс істеді, Алға қ., Ақтөбе облысы.
2015-2016 жылдар аралығында В. И. Пацаева атындағы №2 Алға орта мектебінің директоры болып жұмыс істеді, Алға қ., Ақтөбе облысы.
2016-2018 жылдар аралығында Ақтөбе облысы Алға қаласы Алға мектеп-бақшасының директоры болып жұмыс істеді.
2018-2024 жылдар аралығында Ақтөбе облысы Алға қаласы, № 4 «Балбөбек» балабақшасының меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «AMANAT» партиясы Алға аудандық филиалының атқарушы хатшысы болып жұмыс істейді
Тұрмыста, 2 баласы бар.