
ДАВЛЕТОВ НУРЛАН КУДАЙБЕРГЕНОВИЧ Алға аудандық мәслихатының Экономика және бюджет, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
1985 жылы 14 маусымда Ақтөбе облысы Алға ауданы Алға қаласында дүниеге келді.
2009 жылы Ақтөбе политехникалық колледжін "Өндірістік оқыту шебері, техник-автомеханик" мамандығы бойынша бітірді.
2013 жылы «Жәңгір хан» атындағы Орал аграрлық - техникалық университетінің "Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану" мамандығы бойынша бітірді.
2021 жылы Байышева атындағы университетінің "Экономика"мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 2005 жылы "Нитрохим"АҚ жүргізушісі болып бастаған.
2006 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Алға-Жылу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында жұмыс істейді. Өз қызметін осы кәсіпорынның жүргізушісі ретінде бастады, содан кейін бас инженер қызметін атқарды.
2018 жылдан бастап "Алға-Жылу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры.
"АMANAT" партиясының мүшесі. Марапаттары: "Алғыс хат" Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың атынан," AMANAT " партиясының төрағасы Е. Ж. Қошанов.