
ЖАНАБЕКОВА ГАЛИМА ТЕМИРХАНОВНА Алға аудандық мәслихатының Әлеуметтік сала, жастар саясаты, депутаттық өкілет және этика, сыбайлас жемқорлық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
1974 жылы 27 мамырда Ақтөбе облысы Алға ауданы Тоқмансай аулында дүниеге келді.
Білімі жоғары: 2002 жылы Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетін «биология пәні мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 1991-1992 жылдары ұзартылған күн тобының тәрбиешісі ретінде Тоқмансай орта мектебінен бастады.
1995 жылдан бастап осы мектепте биология пәнінің мұғалімі болып жұмысты жалғастырды.
1996-1997 жылдары Ақтөбе қаласындағы №5 орта мектебінде биология және химия пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
2002-2016 жылдары Тоқмансай орта мектебінде директордың оқу ісінің орынбасары қызметін атқарды.
2017 жылдан бүгінгі күнге дейін Тоқмансай орта мектебінің директор қызметінде. «АМАNАТ» партиясының мүшесі.
Бірнеше марапаттары бар: Ақтөбе облысының білім басқармасынан «Алғыс хат» 2020 жыл, ҚР Білім және Ғылым қызметкерлері кәсіподағының – Құрмет грамотасы 2020 ж, Ақтөбе – Дарын қосымша білім беру орталығы «Алғыс хат» 2021 жыл.