
МЕДЕУБАЕВ НУРБОЛАТ ТУЛЕПБЕРГЕНОВИЧ Алға аудандық мәслихатының әлеуметтік сала, жастар саясаты, заңдылық, депутаттық өкілеттік, этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.
1983 жылы 8 шілдеде Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында дүниеге келді. 1989 жылы Әйтеке би ауданы Аралтоғай ауылының Аралтоғай орта мектебінің 1 сыныбына барып, 2000 жылы осы мектепті тәмамдады.2000 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясына тусіп, 2008 жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын педиатрия мамандығы бойынша аяқтады. 2007 жылы М.Оспанов атындағы БҚММА-да интернатура етіп, балалар хирургі мамандығын алды. 2008 жылы М.Оспанов атындағы БКМ- МА мамандандыру және қайта даярлау курсында оқып, анестезиолог-реаниматолог дәрігер мамандығын игерді.
Еңбек жолын 2003 жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының клиникалық медициналык орталығында мейіраға болып бастады. 2007 жылы осы мекемеге анестезиолог- реаниматолог дәрігері болып ауысты. 2013 жылы «Болашақ» бағдарламасының жолдамасына сәйкес Израиль мемлекеті Тель-Авив қаласындағы Е. Вольфсон атындағы медициналық орталықта анестезиология -реаниматология мамандығы бойынша біліктілігін арттырды. «Анестезиология және реаниматология (ересектер)» мамандығы бойынша жоғарғы санатын алды. 10.07.2019 - 01.02.2021 ж.ж. Ақтөбе қаласы №2 қалалық емханасы бас дәрігерінің сапа жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2021 жылдың 2 ақпанынан бастап бүгінгі күнге дейін ШЖҚ «Алға аудандық ауруханасы» МКК бас дәрігері қызметін атқаруда.
Үйленген, 2 бала тәрбиелеп отыр. «AMANAT» партиясының мүшесі. Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен марапатталған. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің, Алға ауданы әкімінің грамоталарымен бірнеше мәрте марапатталған. Ауданнын денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Жыл адамы-2022» атағын алды.