Меню

Страницы

Статья

ТУЛЕУОВ МАРАТ ШАМШАДИНОВИЧ

        Алға аудандық мәслихатының төрағасы                                                                

Марат Шамшадинұлы Тулеуов 1966 жылы 17 мамырда Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жаңатаң ауылында дүниеге келген. Білімі  жоғары: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын (1995 ж.) «Еңбекке оқыту және жалпытехникалық пәндер мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1988 жылы Ақтөбе қаласында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтының физиканы оқыту әдістемесі кафедрасының оқу шебері қызметінен бастады.                            

1989-1994 жылдары - Байғанин ауданы Жем орта мектебінің еңбек пәнінің мұғалімі.
1994-2000 жылдары - Алға ауданы Есет батыр Көкіұлы ауылы М.Горький атындағы орта мектебінің еңбекке баулу пәнінің мұғалімі.

2000-2007 жылдары - Алға ауданы Есет батыр Көкіұлы ауылы М.Горький атындағы орта мектебінің директоры.

2007-2010 жылдары - Алға аудандық білім бөлімінің бастығы.

2010-2013 жылдары - Алға аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.

2013- 2020 жылдары - Алға аудандық білім бөлімінің басшысы.

2020-2021 жылдары - Алға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

2021- 2023 жылдары - Жетінші шақырылған Алға аудандық мәслихатының хатшысы.

2023 жылы 30 наурыздан бастап - Сегізінші шақырылған Алға аудандық мәслихатының төрағасы. «AMANAT» партиясының мүшесі.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойы медальдармен және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

 

 

 

 

 

Дата публикации
13 декабря 2022
Дата обновления
13 декабря 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 мая 2026
2026 жылғы сәуір айына аудандық мәслихат аппараты бойынша бюджеттің атқарылуы
01 апреля 2026
2026 жылғы наурыз айына Аудандық мәслихат аппараты бойынша бюджеттің атқарылуы
03 марта 2026
2026 жылғы қаңтар айына Аудандық мәслихат аппараты бойынша бюджеттің атқарылуы

Социальные медиа

Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы