Алға ауданы жергілікті
қоғамдастық кеңесі жиынының
ХАТТАМАСЫ
Алға қаласының әкімдігі № 10.11.2025 жыл
Өткізілу орны: «Ақтөбе облысы Алға ауданы Алға қаласы әкімінің аппараты» ММ-і,
Өткізілу уақыты: 15:00
Жиынды ашып жүргізетін: Алға қаласының әкімінің орынбасары Ж.Бақытжанұлы
Құрметті жергілікті қоғамдастық кеңес мүшелері!
2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жүзеге асыру мақсатында жергілікті қоғамдастықтың жиналысына қатысу үшін жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізу қағидасы және тұрғындары өкілдерінің сандық құрамына сәйкес бүгін Алға қаласының әкімдігінде жергілікті қоғамдастық кеңес жиналысы өткізіліп жатыр. Жиналысқа жергілікті қоғамдастықтың мүшелері шақырылды.Жалпы дауыс беруге құқығы бар жергілікті қоғамдастық кеңес мүшелерінің саны – 12 адам, жиналысқа келгендердің саны – 12 адам.
Жиналыс төрағасы ретінде Махамбетова Гүлжахан Сагинбаевнаны сайлау ұсынылды. Бұл ұсыныс қатысушылар тарапынан бірауыздан қолдау тапты және Махамбетова Гүлжахан Сагинбаевна жиналыс төрағасы болып бекітілді. Қандай ұсыныстар бар?
Жоқ.
Жиынның хатшысы ретінде Доспаева Аида Сансызбайқызы жүргізеді.
Сөз жиналыс төрағасы Махамбетова Гүлжахан Сагинбаевнаға беріледі.
Күн тәртібінде қаралатын мәселе: Алға қаласындағы атауы жоқ №1 көшеге атау беру туралы.
Жұмыс жүргізудің келесі уақыт тәртібі ұсынылды:
1. Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша 15 минут
2.Сөйлеушілерге 10 минут.
3.Дауыс беру 5 минут.
Қарсылық бар ма? Қабылданды.
Бақытжанұлы Жандарбек – Алға қаласының әкімінің орынбасары:
Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі күн тәртібіндегі маңызды мәселе – Алға қаласындағы атауы жоқ бір көшеге атау беру. Ұсынылып отырған атау – 1942 жылы қаңтар айында Жабас Избасов майданға аттанып, арнаулы дайындықтан кейін ол Воронеж түбіндегі 193-ші атқыштар дивизиясының 83-ші полк құрамында ұрыстарға кірісті. Сталинград шайқасына қатысып, сондағы ерлігі үшін «Сталинградты қорғағаны үшін» медалімен наградталды, бұл алғашқы тырнақалды болды. 1943 жылы Жабас бөлімше командирлігіне тағайындалады. Севск іргесіндегі ерлігі үшін Жабас Избасов «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталады. Ал 1944 жылғы 23 августта Жабас Избасов айбынды ұрысы үшін «Күміс жұлдыз» легионер орденімен наградталған. Бұл ұсыныс – ардагерге деген құрметімізді білдіру әрі келер ұрпаққа үлгі болмақ. Осыған байланысты сіздерден көшеге Жабас Избасовтың есімін беру туралы ұсынысты дауысқа салып, қолдауларыңызды сұраймын.
«Қолдағандар» – 13 адам
«Қарсы» – жоқ
«Қалыс» – жоқ
Алға қаласының қоғамдастық кеңесі ШЕШІМ ЕТТІ:
Алға қаласындағы атауы жоқ №1 көшеге Жабас Избасовтың есімі берілсін.Жиналысты жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер. Сау болыңыздар.
Жиналыс төрағасы: Г. Махамбетова
Жиналыс хатшысы: А. Доспаева
10.11. 2025 жылғы № жергілікті қоғамдастық
кеңесі хаттамасына қосымша
Алға қаласындағы атауы жоқ № 1 көшеге «Жабас Избасов» есімін беру туралы
|
№ |
Аты, тегі, әкесінің аты |
Туған күні, айы, жылы |
Ұлты |
білімі |
Әлеуметтік мәртебесі |
Қолы |
|
1 |
Пелехань Алевтина Николаевна |
09.04.1964 |
орыс |
орта арнаулы |
Зейнеткер |
|
|
2 |
Калжанов Айткали Отарович |
14.06.1960 |
қазақ |
орта арнаулы |
Зейнеткер |
|
|
3 |
Кульниязов Жандос Берикович |
12.01.1988 |
қазақ |
жоғары |
Энергосистема (УЭС) басшысы |
|
|
4 |
Жиенкулова Алтын Шугаевна |
17.08.1963 |
қазақ |
орта |
Отбасы қолдау орталығының зейнеткері |
|
|
5 |
Махамбетова Гүлжахан Сагинбаевна |
20.08.1964 |
қазақ |
орта арнаулы |
№1 ОМ директоры |
|
|
6 |
Бақытов Берік Болатович |
14.11.1976 |
қазақ |
орта арнаулы |
Мәдениет үйі басшысы |
|
|
7 |
Бердибеков Қуанғали |
10.10.1959 |
қазақ |
орта |
Зейнеткер |
|
|
8 |
Ағниязова Маншүк Аманғалиевна |
06.02.1961 |
қазақ |
орта арнаулы |
Зейнеткер |
|
|
9 |
Мырзабаева Сәуле Акимжановна |
30.01.1975 |
қазақ |
орта |
Қала әкімдігінің қызметкері |
|
|
10 |
Грузницкая Ольга Борисовна |
10.11.1976 |
орыс |
орта арнаулы |
Өзін- өзі қамту орталығының қызметкері |
|
|
11 |
Кожанов Тимур Қайратұлы |
23.01.1930 |
қазақ |
орта арнаулы |
Жеке кәсіпкер |
|
|
12 |
Ешекенова Ақмарал Матаевна |
01.11.1976 |
қазақ |
орта арнаулы |
Зам глав врача |
|