Құрметті Алатау қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді еліміздің тарихындағы аса мәнді мерекелердің бірі – 25 қазан, Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – халқымыздың азаттық пен тәуелсіздікке ұмтылысының, елдіктің, еркіндік пен ел бірлігінің жарқын символы. Республика күні – ұлт ретінде қалыптасу жолындағы маңызды белесімізді еске салып, әрқайсымыздың бойымызда елге деген мақтаныш пен сүйіспеншілік сезімін ұялататын ұлық мереке.
Бүгінгі таңда еліміз саяси, әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан жаңарып, жаңа дәуірге нық қадам басуда. Бұл жетістіктердің барлығы – халқымыздың бірлігі мен татулығының, ел дамуына сіңірген адал еңбегінің нәтижесі.
Халқымыздың бірлігі мен татулығы әрдайым сақталып, Қазақстанымыз гүлдене берсін! Барлықтарыңызға бейбітшілік, зор денсаулық, береке мен молшылық, тұрақтылық және мол табыс тілеймін.
Ізгі тілекпен,
Алатау қалалық мәслихат аппаратының басшысы
Р. Байбасарова
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2026 жылдың 10 қазанында сағат 09:00 да VIII сайланған Алатау қалалық мәслихатының кезектен тыс XXXVI сессиясы өтті.
Сессияның күн тәртібінде:
1. Алатау қаласы мәслихатының 2025 жылдың 25 желтоқсандағы № 26-68 «Алатау қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
2. «Алатау қаласы Алатау қаласы мәслихатының округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы».
3. Алатау қаласы мәслихатының 2024 жылғы 29 тамыздағы № 8-22 «Алатау қаласының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4. Алатау қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
5. Алатау қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
Құрметті ұстаздар!
Сіздерді бүгінгі келіп жеткен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!
Сіздердің әрбіріңіз біздің білім беру саласына өлшеусіз үлес қосып, ел дамуына атсалыстыңыздар. Сіздер балаларға тек білім ғана емес, өмірге деген көзқарас қалыптастыруды, рухани құндылықтарды бағалауды үйреттіңіздер.
Сіздердің арқаларыңызда ұрпақтарымыз болашаққа сеніммен қарап, үлкен жетістіктерге жетіп жатыр. Елдің дамуы, өңірдің дамуы ұстаздарға тікелей байланысты. Сіздердің кәсіби қызметіңіз ең бағалы қызмет!
Мерекелеріңіз құтты болсын, еңбектеріңіз жемісті, өмірлеріңіз мәнді болсын!
Құрметпен Алатау қаласының мәслихат төрағасы Р. Абилова
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2026 жылдың 25 қыркүйегінде сағат 9:30 да VIII сайланған Алатау қалалық мәслихатының кезекті XXXV сессиясы өтті.
Сессияның күн тәртібінде:
1. Алатау қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебін бекіту туралы
2. Алатау қаласы мәслихатының 2024 жылғы 29 тамыздағы № 8-22 «Алатау қаласының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2026 жылдың 19 қыркүйегінде Алатау қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Өзіңнен баста» жалпыұлттық экологиялық челленджі өтті.
Челлендж барысында қала аумағында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық орындар, көшелер мен аумақтар қоқыстан тазартылды. Тазалық жұмыстарына қалалық мәслихат және әкімдік қызметкерлері, коммуналдық мекемелердің мамандары, кәсіпкерлер, еріктілер, қала тұрғындары, жастар ресурстық орталығы өкілдері және «Жасыл ел» жасақшылары белсенді қатысты.
🌱 «Өзіңнен баста» жалпыұлттық экологиялық челленджінің негізгі мақсаты – қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, тазалық мәдениетін қалыптастыру және тұрғындарды туған қаласының тазалығына үлес қосуға шақыру.
Таза әрі көрікті қала – баршамызға ортақ. Қоршаған ортаны қорғау мен тазалықты сақтау әрқайсымыздың өзімізден басталады.
Тазалықты өзіңнен баста!
Таза Қазақстан – таза Алатау! ♻️🌿
2026 жылдың 11 қыркүйегінде сағат 9:00-де Алатау қаласының мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы өтті.
Күн тәртібінде:
1. Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және тіл, депутаттық этика, өкілеттіктер, заңдылықты сақтау, құқық тәртібі және жұртшылықпен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Ж.С. Нұрманбаев «Қала мектептерінің жаңа 2026-2027 оқу жылына дайындығы туралы» мониторинг жүргізу нәтижесі бойынша анықтама оқыды.2. Алатау қаласының білім беру бөлімінің басшысы Г.Ж. Ерубаева «Алатау қаласының мектептерінің жаңа 2026-2027 оқу жылына дайындығы туралы» баяндама жасады.
3. Алатау қаласының полиция бөлімінің кәмелет жасқа толмаған жастар ісі бойынша инпекторы капитан Н.Қ. Нұрғожаев «Алатау қаласы бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» баяндама жасады.
4. Алатау қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ж. Солтанбек «Алатау қаласының мектептері және асханалары жаңа 2026-2027 оқу жылына санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы» баяндама жасады.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2026 жылдың 21 тамыз күні сағат 11:00 да VIII сайланған Алатау қалалық мәслихатының кезектен тыс XXXIV сессиясы өтті.
Сессияның күн тәртібінде:
1. Алатау қаласы мәслихатының 2025 жылдың 25 желтоқсандағы № 26-68 «Алатау қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
2. «Алатау қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы.
3. Алатау қаласының 2026-2030 жылдарға арналғанкоммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын бекіту туралы.
2026 жылдың 21 тамызында сағат 10:00-да Алатау қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Күн тәртібінде:
1. “Алатау қаласы мәслихатының 2025 жылдың 25 желтоқсандағы № 26-68 «Алатау қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы”
2. Алатау қаласының 2026-2030 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын бекіту туралы.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2026 жылдың 5 тамыз күні сағат 11:00 да VIII сайланған Алатау қалалық мәслихатының кезектен тыс XXXIII сессиясы өтті.
Сессияның күн тәртібінде:
1. Алатау қаласы мәслихатының 2025 жылдың 25 желтоқсандағы № 26-68 «Алатау қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
2. Алатау қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы.
3.Алатау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 12 қарашадағы № 11-35 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4.”Алатау қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы”.
2026 жылдың 5 тамызында сағат 9:30-да Алатау қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Күн тәртібінде:
1. “Алатау қаласы мәслихатының 2025 жылдың 25 желтоқсандағы № 26-68 «Алатау қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы”
2. Алатау қаласы мәслихатының 2024 жылдың 27желтоқсандағы № 14-44 «Алатау қаласы әкімдігінің дербес құрамына келісу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
3. Қала аумағын аббатандыру және санитарлық қамтамасыз етудің жай-күйі және жақсарту шаралары туралы.
4. Алатау қаласында «Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға арналған тұжырымдамасының орындалу барысы туралы».
5. Депутаттық оқу: Мемлекеттік отбасы саясатының шараларын іске асыру.