Алатау қалалық
Қоғамдық кеңестің
2024 жылғы
№ ____ шешімімен бекітілген
Алатау қаласының Қоғамдық кеңесі туралы ереже
Осы, Алатау қаласының Қоғамдық кеңесі туралы ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгі ережесіне (ҚР Әділет министрлігінде 2021.02.26 №22264 болып тіркелген) сәйкес әзірленді. Алатау қаласының Қоғамдық кеңесі (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) – консультативтік-кеңесші, байқаушы орган.
Қоғамдық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, оған сәйкес заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 Қаулысымен бекітілген Үлгілік ережені, сондай-ақ осы Ережені және «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңды басшылыққа алады.
2.1. Азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру қоғамдық кеңес қызметінің мақсаты болып табылады.
2.2. Қоғамдық кеңестің міндеттері:
2.2.1. азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру;
2.2.2. мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту;
2.2.3. қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын және тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Қоғамдық кеңестер өз қызметін мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
1) қоғамдық негіздегі қызметі;
2) автономдық;
3) дербестік;
4) жариялылық;
5) олардың мүшелерін кезең-кезеңмен ротациялау.
Қоғамдық кеңестердің өкілеттіктеріне мыналар:
4.1.бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу ;
4.2.бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының орындалуын талқылауға қатысу;
4.3. мемлекеттік органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін талқылау;
4.4. азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу;
4.5. қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
4.6. Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды мемлекеттік органдарға енгізу;
4.7. Заңда қарастырылған қоғамдық бақылау, мониторинг, тыңдау, әлеуметтік аудитті, сараптамаларды жүзеге асыру;
4.8. Қоғамдық кеңес туралы ережені талқылау, және оның бірінші отырысында бекіту;
4.9. қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құру жатады.
5.1. Қоғамдық кеңес мүшелерінің өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында:
5.1.1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негізде және тәртіппен мемлекеттік органдарға кіруге;
5.1.2. осы Заңда белгіленген өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына жүгінуге құқығы бар.
5.2. Өз қызметінде Қоғамдық кеңес және оның мүшелері:
5.2.1. Конституцияның, оған сәйкес келетін заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын сақтауға;
5.2.2. өз қызметін жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыруға;
5.2.3. өз қызметі туралы жылдық есепті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға және (немесе) тиісті мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
6.1. Қоғамдық кеңес Заңмен қарастырылған тәртіпте қалыптасады.
6.1.1. Қоғамдық кеңес отырысында Кеңесті кеңейту мақсатында Кеңес мүшелерін сайлауға және аталмыш Кеңес құрамынан шыққан мүшелердің орнын толтыруына байланысты шешім қабылдануы бек мүмкін;
6.1.2 . Шешім кезінде мынандай нәрселер ескерілуі қажет:
– жұмыс орнының саны
– үміткерлер құжатын қабылдайтын топ құрамы;
6.1.3. үміткерлердің бәйгеге жолдаған құжаттары хабарландыру жарияланғаннан кейінгі 10 жұмыс күн ішінде қабылданады;
6.1.4. Қоғамдық кеңес мүшелігінен шыққандардың орнын толтыру үшінгі өткізілетін сайлау Кеңестің жалпы отырысы кезінде жүзеге асады. Қоғамдық кеңес мүшелігіне дауысты ең көп жиған кісі өтеді. Қоғамдық кеңес мүшелері мүшеліктен үміті бар делінген үміткерлерді сайлау алдындағы алқалы жиында олармен жеке-жеке сөйлесуге және сауал қоюға қақылы;
6.1.5. Қоғамдық кеңес мүшелігіне таңдалатын үміткерлерді анықтау мақсатында өтетін мезгілінен бұрынғы сайлауды ұйымдастыратын, мезгілінен бұрынғы сайлауды хабарлайтын, үміткерлер құжатын қабылдайтын, үміткерлерді отырысқа шақыратын, Қоғамдық кеңес отырысын ұйымдастыратын, қосымша сайлау хаттамасын рәсімдейтін және қосымша сайлау нәтижесін жариялайтын – Кеңес хатшысы
6.1.6. Қоғамдық кеңес үміткерлерді ашық түрде дауысқа салу арқылы таңдайды
6.2. Жұмыс тобы қоғамдық кеңестерді мемлекеттік органдардың өкілдері және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар арасынан қалыптастырады.
6.3. Қоғамдық кеңес мүшелерінің санының құрамын жұмыс тобы айқындайды.
6.4. Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен аспауы тиіс. Аталған өкілдіктің дербес құрамын мемлекеттік органның басшысы өзі дербес айқындайды. Бұл кезде мемлекеттік органның басшысы Қоғамдық кеңесте қаралатын мәселелердің басымдығына сүйенуге тиіс.
6.5. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде адамдардың өзін-өзі ұсынуы мүмкін.
6.6. Жұмыс тобы конкурс туралы хабарландыруды мемлекеттік органның атауын, пошта мекенжайын, құжаттарды тапсыру мерзімдерін, конкурсқа қатысу үшін осы Заңның 10-бабына сәйкес құжаттар және өзге де мәліметтер жіберілетін электрондық поштаның мекенжайын көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырады.
6.7. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
6.8. Қоғамдық кеңестің мүшелері – мемлекеттік қызметте жұмыс істемейтін белгілі қоғам қайраткерлері арасынан оның төрағасы сайланады.
Қоғамдық кеңес мүшесіне үміткерлерге Заңның 10 бабына сәйкес талаптар қойылады.
6.9. Қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамы мемлекеттік органның шешімімен немесе жергілікті өкілді органның шешімімен бекітіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) тиісті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
6.10. Қоғамдық кеңес өкілеттіктерінің мерзімі үш жылды құрайды.
7.1. Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының жетекшісі ашады. Осы отырыста ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы және төралқасының бүкіл құрамы сайланады.
7.2. Қоғамдық кеңес жұмысының негізгі нысаны отырыстар болып табылады. Қоғамдық кеңестің отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқықты деп есептеледі.
Қажет болған жағдайларда Қоғамдық кеңестің отырысына оның шешімімен мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсіптік және басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен өзге де мамандар шақырылуы мүмкін.
7.3. Қоғамдық кеңестің отырыстары ашық деп саналады. Қоғамдық кеңес отырыстарын өткізу жағдайы мен тәртібі, сондай-ақ, шешімдерді қабылдау тәртібі Қоғамдық кеңес туралы ережемен айқындалады.
Отырыстар өткізудің өзге де мәселелері Қоғамдық кеңестің шешімімен айқындалады.
Қоғамдық кеңестің шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады, ерекше жағдайларда шешімді қабылдау процесі құпия дауыс беру негізінде қарастырылады.
7.3.1. Қоғамдық кеңес мүшесінің қоғамдық қызметіне баға беру
Қоғамдық кеңес мүшелерінің қызметі жұмыс тиімділігінің критерилеріне және өз функционалдық міндеттерінің орындалуына сәйкес бағаланады.
Қоғамдық кеңестің әр мүшесі әр жырты жыл сайын бес критери («Қоғамдық кеңестер туралы» ҚРЗ сәйкес) бойынша негізгі көрсеткіштерге сәйкес Қоғамдық қызметтегі өзінің қызметі жайлы Қоғамдық қызметтің отырысы барысында дауыс береді:
– Ұйымдастырушылық көрсеткіш – ҚК отырыстарына тұрақты түрде қатысу, ҚК іс-шараларына қатысу,
– Комиссиядағы жұмыс – Комиссия аясындағы тапсырмаларды орындау, тыңдауларды ұйымдастыру және басқалары;
– Мемлекеттік органдармен жұмыс – мемлекеттік органдарға жолданған сауалнамалардың саны; мемлекеттік органдар тарапынан қабылданған ұсыныстардың саны және жолданған ұсыныстардың саны; НҚА әзірлеуге қатысу және басқалары;
– Азаматтық ҮЕҰ-лар мен азаматтармен жұмыс – арыздың мәні бойынша азаматтардың арыздарына жауап берулердің саны; қаланы дамыту бойынша ҮЕҰ-лар және азаматтар тарапынан ұсынылған жобалар бойынша жұмыс.
– Ашықтық және жариялылық – ҚК қызметі туралы БАҚ-тағы, иентернет ресурстардағы ақпараттар мен жарияланымдардың саны, БАҚ үшін қолжетімділік және басқалары.
7.4. Қоғамдық кеңестің мүшелері өз өкілеттіктері шегінде кеңесші дауыс беру құқығымен өзге де қоғамдық кеңестердің қызметіне қатыса алады, ал бұдан басқа, жергілікті деңгейде ауданның Қоғамдық кеңесінің төрағасы қалалық Қоғамдық кеңестің құрамына кіруге құқылы.
7.4.1. Қоғамдық кеңес мүшелерінің тәртібінің әдептілік нормалары
Қоғамдық кеңес пен оның мүшелерінің қызметіне қоғам тарапынан сенімділік пен құрметтің қалыптасуына өз қызметінде ықпал ететін өзін-өзі тәрбиелеу және моральді-этикалық бағдар болатын Алатау қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелерінің қоғамдық қызметінің негізгі әдептілік қағидалары мен нормаларын анықтау:
Қоғамдық кеңес тарапынан белгілі бір сұраққа байланысты ресми шешім қабылданған сәттен бастап Қоғамдық кеңестің ресми ақпараты болып табылатын сұрақтар бойынша Қоғамдық кеңестің мүшесі Қоғамдық кеңес атынан БАҚ-та ресми әрі бұқаралық жария түрде өз пікірін білдірмеуі керек;
Жария түрде өз пікірін білдіруге құқығы бар, алайда жалпы ҚК атынан емес.
Қоғамдық кеңес құрамы қатарындағы әріптестерінің пікірін құрметтеу, олардың ойлары мен пікірлеріне баға бермеу;
«Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының шеңберінде қоғамдық бақылаудың нысанына айналатын заңды тұлғалардың іскерлік келбетін және азаматтардың ар-ожданын құрметтеуге міндетті;
ҚК мүшелерінің және азаматтардың жеке және іскерлік келбетіне нұқсан келтіретін іс-әрекетке және азаматтардың моральдық және/немесе физикалық денсаулығына зиян келтіруі мүмкін жағдайларға жол бермеу.
7.5. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған тиісті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
7.5.1. Қоғамдық кеңес органдарының шешімдері келесідей сипатқа ие:
Міндетті сипат – Қоғамдық кеңес мүшелері үшін (ұйымдастырушылық сұрақтар бойынша, нормативтік-құқықтық актілерді талқылау қорытындысы бойынша және Қоғамдық кеңес қызметінің өзге де сұрақтары бойынша қабылданған шешімдер);
Өкілеттілік беретін сипат – қоғамдық мониторингті (Қоғамдық кеңес мүшелеріне, азаматтарға) және қоғамдық сараптаманы (сараптамалық топтар үшін) жүзеге асыруға құқық беретін;
ұсынымдық сипат – мемлекеттік қызметкерлер үшін.
7.5.2. Қоғамдық кеңес органдарының шешімдері оларды қабылдаған сәтінен бастап күшіне енеді, егер тиісті органмен өзге тәртіп белгіленбесе.
7.5.3. Қоғамдық кеңес мүшесінің ерекше ойы
Қоғамдық кеңестің жұмыс органдары тарапынан қабылданған шешімдердің мәні бойынша өзге пікірі мен ойы бар Қоғамдық кеңес мүшесі өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде баяндауға құқығы бар.
Осы жайлы жазбалар тиісті органның отырысының хаттамасында жазылады.
8.1. Отырыс Қоғамдық кеңестің жоғары органы болып табылады.
8.2. Қоғамдық кеңес қызметіне басшылықты жүзеге асыру үшін оның отырыстары арасындағы кезеңде Қоғамдық кеңес төралқасы сайланады. Төралқаның құрамына Қоғамдық кеңестің төрағасы мен хатшысы, қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған мемлекеттік органның басшысы, Қоғамдық кеңес комиссияларының төрағалары, жекелеген мүшелері кіреді.
8.3. Төралқаның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары кіре алады және Қоғамдық кеңестің қызметіне қатыса алады.
8.4. Қоғамдық кеңестің төралқасы:
8.4.1. Қоғамдық кеңес комиссияларының жұмысын үйлестіреді;
8.4.2. Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізуге дайындықты ұйымдастырады;
8.4.3. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді.
8.5. Қоғамдық кеңес өзінің өкілетті мерзіміне Қоғамдық кеңес мүшелері қатарынан қызметінің бағыттары бойынша комиссиялар құрайды.
9.1. Қоғамдық кеңестің төрағасы:
9.1.1. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады;
9.1.2. отырыстарда төрағалық етеді;
9.1.3. Қоғамдық кеңестің атынан құжаттарға қол қояды;
9.1.4. Қоғамдық кеңестің шешімдерін іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді;
9.1.5. жергілікті мемлекеттік басқару органының отырыстарына кеңесші дауыс беру құқығымен қатысады;
9.1.6. өзі болмаған уақытта төрағаның міндеттерін орындауды Қоғамдық кеңес төралқасы мүшелерінің біріне жүктейді.
9.2. Қоғамдық кеңестің хатшысы:
9.2.1. Қоғамдық кеңестің отырыстарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді;
9.2.2. Қоғамдық кеңесте іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің орындалу мерзімдеріне бақылау жасайды.
10.1. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі Заңмен және осы Ережемен айқындалады.
10.2. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібінде:
10.2.1. қоғамдық тыңдауға қатысушыларды оның өткізілетін уақыты мен орны туралы бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) жазбаша шақырулар арқылы, бірақ ол өткізілетін күннен кемінде күнтізбелік он күннен кешіктірмей күні бұрын құлақтандыру;
10.2.2. қоғамдық тыңдауға шығарылатын нормативтік-құқықтық актілер мен шешімдердің жобаларымен, бірақ ол өткізілетін күннен кемінде күнтізбелік он күннен кешіктірмей күні бұрын таныстыру;
10.2.3. қоғамдық тыңдауға қатысуды қамтамасыз ететін басқа да шаралар;
10.2.4. қабылданған шешімдерді уәждеп негіздеуді қоса алғанда, қоғамдық тыңдаудың қорытынды хаттамасын жариялау көзделуге тиіс.
10.3. Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне қойылатын үлгілік талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
10.4. Қоғамдық тыңдау Қоғамдық кеңес мүшелерінің бастамасы бойынша өткізіледі.
Қоғамдық кеңес төрағасының тапсырмасы бойынша Қоғамдық кеңес комиссиялары қоғамдық тыңдауды өткізуге құқылы.
10.5. Қоғамдық тыңдауды өткізу барысында Қоғамдық кеңес немесе Қоғамдық кеңес комиссиясымен хаттама жүргізіледі, онда:
10.5.1. қоғамдық тыңдау өткізілетін күні мен орны;
10.5.2. қатысушылардың саны;
10.5.3. қоғамдық тыңдау төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
10.5.4. күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны тіркеледі.
10.6. Қоғамдық тыңдау нәтижелері бойынша Қоғамдық кеңес немесе Қоғамдық кеңес комиссиясымен қорытынды хаттама қабылданады, оған қоғамдық тыңдау төрағасы мен хатшысы қол қояды.
10.7. Қорытынды хаттама, егер оған Қоғамдық кеңестің немесе Қоғамдық кеңес комиссиясының қатысып отырған мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
10.8. Қорытынды хаттама негізінде ұсыныс қабылданады, оған Қоғамдық кеңес төрағасы қолын қояды.
10.9. Қоғамдық кеңестің төрағасы қорытынды хаттама негізінде қабылданған ұсынымдарды:
10.9.1. мемлекеттік органдарға, қоғамдық бақылау субъектілеріне;
10.9.2. зерделеу және шаралар қолдану үшін мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға;
10.9.3. бұқаралық ақпарат құралдарына жібереді.
11.1. Қоғамдық кеңестің мүшесі жазбаша түрде өтініш беру арқылы өз қалауы бойынша оның құрамынан шыға алады.
11.2. Қоғамдық кеңестің мүшесі денсаулық жағдайына байланысты оның жұмысына қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда не осы Заңның 10-бабының 1-тармағында көзделген өзге де негіздер бойынша Қоғамдық кеңестің шешімімен оның құрамынан мерзімінен бұрын шығарылуы мүмкін.
11.3. Қоғамдық кеңестің мүшесі Қоғамдық кеңестің жұмысына және оның отырысына жүйелі түрде қатыспағаны үшін (себепсіз 3 реттен артық) құрамынан шығарылады.
11.4. КРІ критерилеріне (7.3.1 тармақ) сәйкес қоғамдық қызметке тиімді қатысқаны үшін және өзін-өзі ұстаудың моральды-этикалық нормаларының бұзуы (7.4.1 тармақ) үшін Қоғамдық кеңес мүшелерінің жеке жауапкершілік сұрақтары Қоғамдық кеңестің жұмысшы топтарының басшыларының бастамасы бойынша Қоғамдық кеңестің отырысында қаралуы мүмкін және сирек жағдайда мүшенің Қоғамдық кеңес құрамынан шығарылу мәселесі қарастырылуы мүмкін.
11.5. Қоғамдық кеңес шығып қалған мүшесінің орнына оның өкілеттіктерінің қалған мерзіміне осы Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес конкурс нәтижелері бойынша немесе мемлекеттік органның шешімімен Қоғамдық кеңестің құрамына жаңа мүшесін қосу туралы шешім қабылдайды.
12.1. Осы Ереже жергілікті қоғамдастық жиналысын қалыптастыру тәртібіне қолданылмайды, ол Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасымен регламенттеледі.
12.2. Жергілікті қоғамдастық жиналысы Қоғамдық кеңестің функцияларын «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен және «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңмен белгіленген өкілеттіктерге сәйкес жүзеге асырады.