Тестілеуді бастамас бұрын және конкурс кезеңдерінен өту кезінде
бөлме мен жұмыс орнының белгіленген талаптарға сәйкес келетінін
растау қажет. Төмендегі нұсқауларды мұқият орындауыңызды
сұраймыз.
1. Телефонды (360° камера) алып, бөлмені баяу толық шеңбер
бойымен көрсетіңіз.
Телефонды күрт қозғалтпаңыз — бейне анық болуы тиіс
2. Бөлмені толық шеңбер бойымен көрсетіңіз, бейнекадрға
төмендегілердің барлығы толық қамтылуы тиіс:
барлық қабырғалар;
бұрыштар;
төбе;
үстелдің астыңғы бөлігі.
3. Тестілеу/конкурс кезеңі барысында пайдаланылатын
жабдықтарды көрсетіңіз:
монитор;
пернетақта;
компьютер тінтуірі;
жүйелік блок (егер пайдаланылса).
4. Шолу аяқталғаннан кейін телефонды (360° камераны) жұмыс
орны, кандидаттың қырынан көрінісі, монитор аймағы және оның
артындағы кеңістік бейнежазбаға толық түсетіндей жеткілікті
қашықтықта бекіту қажет.
Тестілеу/конкурс кезеңі аяқталғанға дейін телефонның орналасқан
жерін өзгертуге жол берілмейді.
БӨЛМЕДЕ ҚОСЫМША БЕЙНЕКАМЕРАЛАР ОРНАТЫЛМАУЫ ТИІС.
Бүгін мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасында «Кітап оқитын ұлт» жобасының негізгі бағыттары мен мақсаттарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жобаның мақсаты – кітап оқуды кеңінен насихаттау, оқу мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің білімін жетілдіруге және кәсіби әрі тұлғалық дамуына ықпал ету.
Кітап оқу – білім мен ой-өрісті кеңейтудің, рухани дамудың және жаңа идеяларға жол ашудың маңызды құралы.
Кітап оқитын қоғам – білімді әрі бәсекеге қабілетті ұлттың негізі!
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ
Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.
Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:
- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;
- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;
- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;
- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;
- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;
- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;
- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.
Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.
Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.
Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.
Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.
«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.
«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.
Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.
Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz
Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.
Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 68 және 71-баптарына «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, ӨКІМ ЕТЕМІН:
жұмыс уақытының басталуы 2026 жылдың 01 қыркүйектен бастап сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 12.30-дан 14.00-ге дейін болып бекітілсін.
мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдар хабардар етілсін.
аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы Т.Зейнешовке жүктелсін.
Мәслихат төрағасы Д.Е.Каримов
1 шілде еліміздің бас құжаты - Конституция күшіне енді.
2026 жылғы 15 наурызда өткен жалпыхалықтық референдумда қабылданған құжат кіріспеден, 11 бөлім және 95 баптан тұрады. Онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, білім мен ғылымды дамыту, сондай-ақ цифрлық кеңістіктегі жеке деректердің қауіпсіздігін сақтау секілді тағы да басқа маңызды мәселелер қамтылған. орысша керек
Мемлекеттік қызметшілер күні – мемлекеттік басқару жүйесінде еңбек ететін қызметкерлердің кәсіби мерекесі. Бұл күн мемлекеттік қызметтің қоғамдағы маңыздылығын арттыруға, кәсібилік, ашықтық және халыққа қызмет көрсету қағидаттарын насихаттауға бағытталған.
Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясатты іске асыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етуге атсалысады. Олардың тиімді жұмысы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және қоғамның әл-ауқатының артуына ықпал етеді.
Мемлекеттік қызмет – жоғары жауапкершілікті, адалдықты және кәсіби біліктілікті талап ететін маңызды сала.
Мемлекет басшысы 2026 жылғы 19 мамырда қол қойған Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" жаңа Заңы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Осыған орай, Алакөл ауданы мәслихаты аппаратында мемлекеттік қызметшілер арасында жаңа Заңның негізгі нормалары мен енгізілген өзгерістерін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ Заңның қолданысқа енгізілу тәртібі талқыланды.
Мемлекеттік қызметшілерге Заң талаптарын түсіндіру және олардың тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің айғағы, елдігіміздің еңселі белгісі, халқымыздың рухы мен бірлігінің көрінісі.
Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – әрбір қазақстандық үшін қастерлі құндылықтар. Оларды құрметтеу – Отанға деген сүйіспеншіліктің, ел тарихы мен болашағына деген жауапкершіліктің белгісі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын! Еліміздің мерейі үстем, Туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!
Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің айғағы, елдігіміздің еңселі белгісі, халқымыздың рухы мен бірлігінің көрінісі.
Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – әрбір қазақстандық үшін қастерлі құндылықтар. Оларды құрметтеу – Отанға деген сүйіспеншіліктің, ел тарихы мен болашағына деген жауапкершіліктің белгісі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын! Еліміздің мерейі үстем, Туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!
Сессия жұмысына Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Мұхамеджанов Бақытжан Әбділдәұлы қатысып, Алакөл ауданының 2025 жылғы бюджеттің атқарылуы бойынша жылдық есебі тыңдалды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті бөлім басшылары баяндама жасап, депутаттар тарапынан талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.