атоҚоғамдық кеңестер туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 2 қарашада №383-VҚРЗ қабылданып, 2016 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа егізілді.
Қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесі мемлекеттік органдарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп, министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, жергілікті мемлекеттік басқару органдары, квазимемлекеттік сектор субьектілері өздерінің құзіретіндегі мәсеселер бойынша құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар қоғамдық кеңестер болып табылады.
Алакөл аудандық мәслихатының 18 ақпан 2025 жылғы № 7-Ө өкімімен Алакөл ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамы бекітіліп, Алакөл ауданының «Құрметті азаматы», зейнеткер Жуанышбаев Ерік Өсербайұлы - Алакөл ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалып, Нұрмұхамбетова Бота Ардаққызы -Алакөл ауданы Қоғамдық кеңесінің хатшысы болып тұрақты түрде жұмыс атқарады.