Алакөл ауданы елді мекен жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы Алакөл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 3-5 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Алакөл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 3-5 «Алакөл ауданы елді мекен жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 65736 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
08 декабря 2025