2026 жылғы 29 қыркүйекте сегізінші шақырылымдағы Ақжар аудандық мәслихатының 45-ші кезекті сессиясы өтті.
Сессия барысында депутаттар күн тәртібіндегі келесі мәселелерді қарады:
- 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджетке және ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізу;
- учаскелік және округтік сайлау комиссияларына қатысты мәслихат шешімдеріне өзгерістер енгізу;
- терроризмге қарсы комиссияның қызметіне байланысты және аудан әкімдігінің дербес құрамын келісу;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі, құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиялар және қылмыстық жазаларды орындауға және жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуге жәрдемдесу жөніндегі консультативтік-кеңесші орган құрамдарын бекіту.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша талқылау өткізіліп, тиісті шешімдер қабылданды.
Аудандық мәслихат депутаттары өз өкілеттіктері шеңберінде Ақжар ауданының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына қатысты өзекті мәселелерді шешу бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.
2026 жылғы 29 қыркүйекте Ақжар аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыста сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың 45-ші кезекті сессиясының күн тәртібіне енгізілген мәселелер қаралды.
Күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Отырыс барысында:
- 2026–2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының бюджетіне енгізілген өзгерістерді бекіту;
- 2026–2028 жылдарға арналған Ақжар ауданы ауылдық округтерінің бюджеттеріне енгізілген өзгерістерді бекіту;
- Ақжар аудандық мәслихатының учаскелік және округтік сайлау комиссияларының құрамына қатысты шешімдеріне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Бюджет мәселелері бойынша депутаттарға ауданның экономика және қаржы бөлімінің өкілдері, сондай-ақ ауылдық округтердің әкімдері баяндама жасап, депутаттардың сұрақтарына жауап берді.
Бірлескен отырыстың қорытындысы бойынша депутаттар тиісті мәселелерді аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізу жөнінде шешім қабылдады.
Депутаттық корпус Ақжар ауданының одан әрі дамуына, бюджет қаражатының ашық әрі тиімді пайдаланылуына және тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелердің шешілуіне бағытталған жұмыстарын жалғастыруда.
2026 жылғы 25 қыркүйекте Ақжар аудандық мәслихатының төрағасы Жүсіпбеков Мағжан Рамазанұлы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының VIII шақырылымының 40-шы кезекті сессиясының жұмысына қатысты.
Сессия барысында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер, оның ішінде денсаулық сақтау саласы, тұрғын үй саясаты, елді мекендерді абаттандыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру және 2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Аудандық мәслихат өкілдерінің облыстық мәслихат жұмысына қатысуы өзара тиімді байланысты нығайтуға және Солтүстік Қазақстан облысы аудандары тұрғындарының мүдделерін ескеруге ықпал етеді.
2026 жылғы 17 тамызда Ақжар аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Отырыс барысында депутаттар Ақжар ауданының кейбір ауылдық округтерінің 2026–2028 жылдарға арналған бюджеттеріне өзгерістер еңгізуге қатысты мәселелерді қарады.
Бюджет параметрлеріне еңгізілетін өзгерістердің негізгі бағыттары, сондай-ақ ауылдық округтердің өзекті қажеттіліктерін ескере отырып, бюджет қаражатын тиімді әрі нысаналы пайдалану мәселелері талқыланды.
Қаралған мәселелердің қорытындысы бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.
2026 жылғы 5 тамызда Ақжар аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия барысында Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 23-1-бабына сәйкес Ақжар ауданының әкімін тағайындауға келісім беру туралы мәселе қаралды.
Қарау қорытындысы бойынша депутаттар Телтаев Нұрлан Зарапұлын Ақжар ауданының әкімі лауазымына тағайындауға бірауыздан келісім берді. Осыған сәйкес аудандық мәслихаттың тиісті шешімі қабылданып, тағайындауды одан әрі рәсімдеу үшін Солтүстік Қазақстан облысының әкіміне жолданды.
Шешім қабылданғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Иманбайұлы Тасмағамбетов Нұрлан Зарапұлын аудан активіне ресми түрде таныстырды.
Ақжар аудандық мәслихатының төрағасы Мағжан Рамазанұлы Жүсіпбеков ауданның жаңа басшысын тағайындалуымен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі. Сонымен қатар аудандық мәслихат пен аудан әкімдігі арасындағы сындарлы өзара іс-қимыл Ақжар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға өз үлесін қоса беретініне сенім білдірді.
Ақжар аудандық мәслихаты заңнамада белгіленген өкілеттіктер шеңберінде өз қызметін жалғастыра отырып, аудан тұрғындарының мүддесі үшін депутаттық корпус пен атқарушы органдар арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді жалғастырады.
2026 жылғы 5 тамызда Ақжар аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтеді.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сессия барысында Ақжар ауданы әкімі лауазымына кандидатураны келісу мәселесі қаралады.
Отырыс барысында депутаттар бюджет мәселелерін қарады. Депутаттар Ақжар ауданының 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджетіне еңгізілетін өзгерістерді, сондай-ақ осы кезеңге арналған Айсары және Май ауылдық округтерінің бюджеттеріне еңгізілетін өзгерістерді қарап, бекітті.
Қабылданған шешімдер бюджеттерде көзделген іс-шараларды уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етуге, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін орындауға бағытталған.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.
2026 жылғы 8–10 шілде аралығында Ақжар аудандық мәслихатының депутаттары мәслихат депутаттарына арналған «Мемлекеттік басқарудағы жасанды интеллект» атты практикалық семинарға қатысуда.
Оқытуға Ақжар аудандық мәслихатының төрағасы М.Р. Жүсіпбеков, депутаттары Ж.А. Жағпаров, О.Л. Сватко және Н.О. Хасенов қатысуда.
Үш күндік семинар барысында қатысушылар жасанды интеллекттің негіздерін, цифрлық және ақпараттық қауіпсіздік, кибергигиена, цифрлық коммуникациялар мәселелерін, сондай-ақ депутаттық қызмет пен мемлекеттік басқаруда жасанды интеллект құралдарын практикалық қолдану мүмкіндіктерін меңгеруде.
Алынған білім мен практикалық дағдылар депутаттық қызметтің тиімділігін арттыруға, халықпен өзара іс-қимылды жетілдіруге және мәслихат қызметіне заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге ықпал етеді.
2026 жылғы 1 шілдеде WhatsApp мобильді қосымшасы арқылы онлайн форматта Ақжар аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы аудандық мәслихат төрағасы Жүсіпбеков Мағжан Рамазанұлының төрағалығымен өтті.
Сессия жұмысына Ақжар ауданы әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелер мен бөлімдердің басшылары, сондай-ақ аудандық мәслихат депутаттары қатысты.
Отырыс барысында «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 қарашадағы № 11-4 «Ақжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселе қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар ұсынылған шешім жобасын бірауыздан қолдап, тиісті шешім қабылдады.
Ақжар аудандық мәслихаты аудан тұрғындарын әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастырады.
Ақжар аудандық мәслихатының төрағасы Мағжан Рамазанұлы Жүсіпбеков азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында аудан тұрғыны Әбілов Е.А. елді мекен шегіндегі жайылымдық жер мәселесі бойынша өтінішпен жүгінді.
Кездесу барысында өтініш иесіне қолданыстағы жер заңнамасына сәйкес тиісті түсіндірмелер берілді.