Меню

Страницы

Статья

Ақжар аудандық мәслихатының алтыншы шақырылымның жұмысы туралы

Ақжар аудандық мәслихат депутаттарының алтыншы шақырылымның сайлауы 2016 жылғы 20 наурызда өтті. Ақжарқын сайлау округінің депутаты Айбек Хоршатұлы Хоршат аудандық мәслихаттың хатшысы болып сайланды. Депутаттық корпусты 12 депутат ұсынды. Мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамы сайланды.
Заңнамаға сәйкес мәслихат жұмысының негізгі нысаны сессия қызметі болып табылады. Алғышқы сессиядан бүгінгі күнге дейін 66 сессия өткізіліп 290 шешім қабылданды. Мәслихат сессияларында бюджеттің өзекті мәселелері, әлеуметтік қамсыздандыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы, абаттандыру қаралды, жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептері тыңдалды.
Ұлт Жоспарын - 100 нақты қадамды орындау аясында сессия шешімімен қоғам мен биліктің өзара іс – қимылының жаңа түрі — Ақжар ауданының қоғамдық кеңесі құрылды.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту шараларының бірі ауылдардың дербес бюджетін енгізу болып табылады. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ақжар ауданында бюджеттің төртінші деңгейі енгізілді, Талшық және Ленинград ауылдарының дербес үш жылдық бюджеттері, содан кейін басқа ауылдық округтер қабылданды.
Депутаттардың халықпен өзара іс-қимылының негізгі нысаны олардың сайлаушылармен жұмысы болып табылады. Азаматтарды қабылдауды жүргізе отырып, депутаттар атқарушы билікпен бірлесіп әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысты, сайлауалды бағдарламада мәлімделген уәделердің орындалуын бақылауда ұстады. Көптеген мәселелер бойынша білім беру, медициналық қызмет көрсету, әлеуметтік қамсыздандыру, ветеринария және ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша жолдарды күтіп ұстауға, теміржол және автобус қызметіне қатысты ресми депутаттық сауалдар жіберілді. Сонымен, аудандық мәслихаттың хатшысы А.Х. Хоршат мәслихат депутаттарымен бірге О.М.Киккаринова, С.М.Шүлембаев және А.В.Прокофьев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарына ресми депутаттық сауалдар жолдау арқылы аудандағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін қаржыландыруға үлес қосты. Сауалдар жолдау арқылы депутаттар А.Х.Хоршат, О.М.Киккаринова, С.А.Ахметова, Ж.Б.Нұрманов ауданыңда кейбір ауылдарын интернет пен ұялы байланыспен қамтамасыз етуге үлес қосты. А.Х.Хоршат «Көкшетау-Омбы» халықаралық автобус бағыты және сумен жабдықтау тарифтері мәселесін көтерді. Депутаты А.К.Тажмиева бірнеше рет ауылдағы ашулы қаңғыбас иттер мәселесі көтерді. Бюджет және экономика жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Б.Н.Зәкенов ерекшеліктеріне сәйкес бюджетті игеру туралы ақпаратты және бюджетті әзірлеуге жауаптылар мұқият талдады. Облыстық мәслихаттың депутаты Д.Р. Құдияров облыстық сессиялар мен тұрақты комиссияларда сайлаушылардың мүддесін қорғады, оның көмегімен көптеген мәселелер шешімін тапты. Оның еңбек және қоғамдық қызметі көптеген мақтау қағаздарымен, алғыс хаттармен марапатталған.
Қиын су тасқыны кезінде де депутаттар қалыс қалмады. 2016 жылы Ақжар ауданының Ақсары ауылында қардың кенет еруіне байланысты еріген судың салдарынан аула аумақтары бар бірнеше тұрғын үй су басу аймағында қалды. Соның салдарынан мал қырылып, жем-шөп жарамсыз болып қалды , көптеген үйлер жөндеуді қажет етті.
Халық өкілдері тұрғындардың мәселелерін шешуге көмектесті. Депутаттар А.Х.Хоршат, Ж.Б. Нұрманов, О.М.Киккаринова, С.М.Шулембаев, С.А.Ахметова, Р.З.Сейтов, А.К.Тажмиева қаржылай көмек, көлікпен және жанар-жағармаймен материалдармен көмектесті, А.В.Прокофьев тас жолға су айдау, жолдарды толтыру жұмыстарымен айналысқан, Ш.Қ.Сабитова азық-түлік, медициналық дәрімен, балалар тамағымен көмектесті.
2017 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында көктемгі су тасқыны кезінде үйлерді су басқан. Көптеген отбасылар қиын жағдайға тап болды.
Рузаевтықтарды қолдау мақсатында Ақжар аудандық мәслихатының депутаттық корпусы қайырымдылық шарасына қатысып, түрлі қаржылай көмек көрсетті.
Аудандық партия филиалы ғимаратында партия төрағасының бірінші орынбасары О.М.Киккаринова су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау пункті ұйымдастырылды. Сонымен, депутат А.Х. Хоршат қаржылай көмек пен тұрмыстық техникамен көмектесті, депутаттар Ж.Б. Нұрманов және С.М. Шулембаев жәбірленушілер қорына қаражат аударды, қалған депутаттар О.М. Киккаринова, А.К.Тажмиева, А.В.Прокофьев, Б.Н. Закенов және Ш.К.Сабитова ересектер мен балалар заттарымен, қажетті өнімдерімен көмектесті, депутат А.Х.Көпеев. және Р.Ж.Жамбаев жанар-жағармай материалдармен көмектесті.
Партия желісі бойынша депутаттық фракция да белсенді жұмыс істеді. Депутаттық фракцияның отырыстары өткізіліп, онда бірқатар мәселелер қаралды. Фракцияның әрбір мүшесі партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары бойынша Партиялық куратор болды, бұл бірқатар мәселелерді шешуде жергілікті атқарушы органдарға бақылауда ұстауға және көмек көрсетуге мүмкіндік берді.
Сайлау науқаны аясында Ақжар ауданының халық өкілдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттармен кездесулер өткізді, Солтүстік Қазақстан облысынан Сенат депутаттарын сайлау бойынша барлық деңгейдегі таңдаушылардың бірлескен отырысына қатысты. Алтыншы шақырылым жұмысы барысында депутаттар Ақжар ауданының әкімі лауазымына кандидатураны екі рет келісті. Ауылдық округ әкімдеріне кандидаттармен кездесулер өткізді және жасырын дауыс беру арқылы ауыл әкімдерді сайланды.
Депутаттар өздерінің негізгі қызметінен басқа қайырымдылыққа көп көңіл бөлді. Бұл "Мектепке жол" акциясы, аз қамтылған отбасыларға, қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету, спорттық жарыстарды өткізуге демеушілік жасау.
Алтыншы шақырылымның депутаттары мәслихат жұмысына елеулі үлес қосты, бұлар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыс істеген сайлаушылардың мүдделерін қолдайтын әр түрлі жастағы және кәсіптегі адамдар.
Дата публикации
31 января 2024
Дата обновления
31 января 2024
Тип

Сейчас читают

03 декабря 2024
«БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні» — зейнетақы жинақтарын инвестициялау мүмкіндіктерін зерделейміз
28 ноября 2024
Отандастарымыздың зейнетақы активтерінің 10 айдағы өсімі 3,7 трлн теңгеден асты 
02 февраля 2024
Aқпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі уәкілетті тұлға

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы