Меню

Страницы

Статья

Ақжар аудандық мәслихаты бесінші шақырылымының депутаттық корпусы

Ақжар аудандық мәслихатының бесінші шақырылымы 2012 жылы 15 қаңтарда сайланды және оған Ақжар ауданының 12 сайлау округінен 12 депутат анықталды. Бесінші шақырылымның алғашқы сессиясы 24 қаңтарда өткізіліп, онда мәслихат хатшылығына бірауыздан Жұмабаев Мұхамед Сұлтанұлы сайланды және үш тұрақты комиссия құрамы бекітілді:
1) экономика және бюджет бойынша, төрағасы болып депутат Болат Нығметұлы Зәкенов сайланды;
2) білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, заңдылық, азаматтардың құқықтарын қорғау және құқық тәртібі бойынша комиссия төрайымы депутат Сәбитова Шолпан Қайыргелдіқызы болды;
3) ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп, коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі комиссия төрағасы ретінде депутат Прокофьев Анатолий Владимирович сайланды.
Бесінші шақырылымның мерзімінде 43 сессия өткізіліп 260 шешім қабылданыпты. Осы шақырылым депутаттарының ең басты міндеті мемлекеттік бағдарламалар аясында өткізіліп жатқан іс-шараларға бақылау жасау, оның тиімділігіне баға беру болды.
Барлық депутаттар белсенді өмірлік және саяси ұстанымдарға ие болды, бұл тек депутаттық қызметте ғана емес, жұмыста да жағымды әсер етті. Олар ауданда өткізілетін барлық іс-шаралар мен акцияларға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы іс-шараларға белсене қатысты. Аудандық мәслихат хатшысы М.С. Жұмабаев өзінің депутаттық қызметінде азаматтармен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлді, жұмыс істеген жылдары өткен шақырылымдардың депутаты бола отырып, сайлаушылардың мәселелерін шешу үшін көптеген депутаттық сауалдар жолдады. Бесінші шақырылымдағы кезінде облыстық мәслихаттың депутаттары Пшенбаев Қайрат Сәкенұлы және Молдағұлов Артур Кенжеәкімұлы болды. Еңбек және депутаттық қызметі үшін олар әр мемлекеттік наградалармен марапатталды.Аудандық мәслихаттың депутаты Д.Р. Құдияров ауыл тұрғындарын жем-шөппен қамтамасыз етті, артынан жеке қожалықтарды көбейтіп, топырақ құнарлығын арттыруға көп күш салды. Депутаттар А.В. Прокофьев және Қ.А. Нурумбеков елді мекендердегі жолдардың жағдайын жақсартуға және қыста қардан тазартуға көп күш жұмсады.
Жергілікті өзін-өзі басқару реформасын жеделдету мақсатында 2013 жылдың тамыз айынан бастап ауылдық округ әкімдерін баламалы негізде мәслихаттар сайлай бастады. Заң жүзінде анықталған жерлерде кандидаттармен кездесулер өткізілді, олардың барысында үміткерлер таңдаушыларды өзінің еңбек қызметімен және сайлау алдындағы бағдарламасымен таныстырды. Ауылдық округ әкімдерінің алғашқы сайлауы 2013 жылдың 7 тамызында өтті. Депутаттар жүйелі түрде Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттарымен ауданымызды аралау барысында және олармен белсенді хат-хабар алмасу арқылы тығыз байланыста болды.
Әр шақырылым сайын мәслихаттың сапалық құрамы жақсара түсті, оның тірегі халық сенім артқан, екінші, үшінші, төртінші рет сайланған депутаттардан болды.
Сайлаушылар өздерінің таңдаулыларына үлкен сенім білдірді. Мұны төртінші шақырылымның Прокофьев Анатолий Владимирович, Нұрымбеков Қайырбай Әміренұлы, үш шақырылым Жұмабаев Мұхамед Сұлтанұлы, Ковригина Наталья Гельмудовна, екі шақырылым Жаңабаев Бегайдар Тасмұханұлы, Кәріпов Серікбай Елеусізұлы, Сұлтанова Алтынай Алпысбайқызы, Кудьяров Дәуіт Рамазанұлы жұмыс істегендігімен растауға болады. Алғаш рет аудандық мәслихат депутаттары болып Болат Нұғметұлы, Сәбитова Шолпан Қайыргелдіқызы, Тәжмиева Айман Құлбекқызы, Нұрманов Жұмали Балталиұлы, Әубәкіров Айтқазы Әлімбайұлы, Ахметов Хасен Қабиденұлы, Баетов Қайрат Сағидоллаұлы сайланды.
Дата публикации
31 января 2024
Дата обновления
31 января 2024
Тип

Сейчас читают

03 декабря 2024
«БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні» — зейнетақы жинақтарын инвестициялау мүмкіндіктерін зерделейміз
28 ноября 2024
Отандастарымыздың зейнетақы активтерінің 10 айдағы өсімі 3,7 трлн теңгеден асты 
02 февраля 2024
Aқпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі уәкілетті тұлға

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы