Меню

Страницы

Статья

Үшінші шақырылымның халық қалаулылары

Ақжар аудандық мәслихатының үшінші шақырылымының депутаттарын сайлау 2003 жылғы 20 қыркүйекте болды. Аудандық мәслихат баламалы негізде 12 депутаттан құрылды. Үшінші шақырылым депутаттарының жұмыс кезеңінде 38 сессия өткізіліп, аудандық мәслихаттың 171 шешімі шығарылды.
Бұл кезең даму және қайта құру кезеңімен сәйкес келді. Осы уақыт аралығында экономиканың барлық салаларында даму қарқыны өсе бастады, бұл әлеуметтік салада айтарлықтай өзгерістерге әкелді. Бұл ретте өкілетті органдардың рөлі де маңызды.
Халық қалаулылары өздерінің депутаттық қызметіндегі негізгі міндеттерді халықтың өмір сүру сапасын арттыруда, оны заманауи қызметтермен қамтамасыз етуде, серпінді, инновациялық технологиялар негізінде экономиканы одан әрі жаңғыртуға нақты қатысуда көрді.
Осыған орай аудандық мәслихат "2004-2006 жылдарға арналған Ақжар ауданында жерлерді ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау", "2005-2007 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес", "2006-2008 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдау және дамыту", "2006-2010 жылдарға арналған Ақжар ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес", «2006-2008 арналған Ақжар ауданындағы жастар саясаты туралы» және басқа да қоғамның дамуына қатысты бірнеше бағдарламалар қабылдады. Сондай-ақ сессияларда бұрын бекітілген бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы мәселелер қаралды. Тұрғын үй құрылысы және аудандағы жолдарды жақсарту, ауданның әкімшілік – аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы, Жер қорының жобаларын бекіту туралы басқа да әлеуметтік маңызды мәселелерге көп көңіл бөлінді.
Еліміздің заңдылықтарына өзгерістер енгізілуіне байланысты 2004 жылғы маусым айынан бастап мәслихаттар сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайтын болды.
Үшінші шақырылымның депутаттары:
Қазбеков Қуандык Қазиханұлы,
Жұмабаев Мұхамед Сұлтанұлы,
Жақыпов Ермұхан Хусайынұлы,
Шәпенов Қайырбек Шәпенұлы,
Прокофьев Анатолий Владимирович,
Молдағанапова Ардақ Қайырбекқызы,
Нұрымбеков Қайырбай Әмренұлы,
Ермағанбетова Аягөз Құлбекқызы,
Мұратов Аманжол Біләлұлы,
Ковригина Наталья Гельмудовна,
Садуов Қайрат Ғазезұлы,
Қабжанов Айдархан Бахытжанұлы,
Хамзин Тоқтар Балтинұлы.
2006 жылғы 12 мамырдан бастап депутаттық корпусты Мұхамед Сұлтанұлы Жұмабаев басқарды.
Дата публикации
31 января 2024
Дата обновления
31 января 2024
Тип

Сейчас читают

03 декабря 2024
«БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні» — зейнетақы жинақтарын инвестициялау мүмкіндіктерін зерделейміз
28 ноября 2024
Отандастарымыздың зейнетақы активтерінің 10 айдағы өсімі 3,7 трлн теңгеден асты 
02 февраля 2024
Aқпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі уәкілетті тұлға

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы