Меню

Страницы

Статья

Ақжар аудандық мәслихатының ІІ шақырылымының қызметі туралы

1999 жылы 10 қазанда Ақжар аудандық мәслихатының ІІ шақырылым депутаттарының сайлауы болды.

Аудандық мәслихатқа баламалы негізде әр ауылдық округке бір депутаттан 12 депутат сайланды, оның ішінде 2-уі әйел.

2000 жылы 26 желтоқсандағы Ақжар аудандық мәслихатының сессиясында Ұялы ауылдық округі №11 сайлау округінің депутаты Қазбеков Қуандық Қазиханұлы хатшы болып сайланған болатын.

Депутаттық корпустың осы төрт жылдық мерзімі — аудан экономикасын тұрақтандыру жылына сәйкес келді. Сол кездегі барлық тұрғындарды мазалаған мәселелер, ол ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеру, өзін-өзі жұмыспен қамту және аула өнімдерін өткізу болды. Осы аралықта «2003-2005 жылдарға арналған ауылдарды (селоларды) жандандыру», «2003-2005 жылдарға арналған кедейшілік пен жұмыссыздықпен күрес туралы», 2003-2005 жылдарға арналған ауыл мектебі», «2003-2005 жылдарға арналған ЖИТС эпидемиясына қарсы іс-шаралар» және т.б. бағдарламалар қабылданды. Іс-әрекет барысында жер өңдеу мәдениеті оңтайланып, ветеринарлық қызмет деңгейі өсіп, мал табындарын асыл тұқымдандыру әлдеқайда жақсарды. Сонымен қатар депутаттар әлеуметтік саланың мәселелерін үнемі назарда ұстады. Сессияларда денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларына қатысты сұрақтар үнемі көтеріліп отырды. Депутаттар қылмысқа, кәмелетке толмағандардың қоғамдық тәртіпті бұзуына, балалардың қараусыздығына қарсы күрес және олардың алдын алу жөніндегі шараларға қатысты ішкі істер органдарының қызметкерлерін бірнеше мәрет шақырып тыңдады.

Екінші шақырылымның депутаттары жұмысты жаңадан бастамағандықтан, алдындағы шақырылымның тәжірибесіне сүйене отырып жүргізді. Бірақ та алдындағы әріптестері қалдырып кеткен импульсті жалғастыру керек болды, сондықтан да жаңа әсермен жаңа қоғамдық ортаны қалыптастыру, өмір сүруге жаңа талпыныстармен ұмтылысты естен шығарған жоқ. Осылайша олар алға қойған міндеттерді шеше білді.

       Екінші шақырылымның депутаттары:

Қазбеков Қуандык Қазиханұлы, Миллер Виктор Александрович, Жақыпов Ермұқан Хусайынұлы, Гоцак Иван Иванович, Молдағанапова Ардақ Қайырбекқызы, Торғауытов Талас Хабытайұлы, Нұрымбеков Қайырбай Әмренұлы, Прокофьев Анатолий Владимирович, Ермағанбетова Аягөз Құлбекқызы, Махметов Орал Шакарұлы, Шүлембаев Мұхантай Файзурұлы, Қабжанов Айдархан Бақытжанұлы, Қасымов Қайдар Қашапұлы, Садуов Қайрат Ғазизұлы, Хамзин Тоқтар Балтаұлы.

 

 

Дата публикации
31 января 2024
Дата обновления
31 января 2024
Тип

Сейчас читают

03 декабря 2024
«БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні» — зейнетақы жинақтарын инвестициялау мүмкіндіктерін зерделейміз
28 ноября 2024
Отандастарымыздың зейнетақы активтерінің 10 айдағы өсімі 3,7 трлн теңгеден асты 
02 февраля 2024
Aқпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі уәкілетті тұлға

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы