Меню

Страницы

Статья

Бірінші шақырылымның депутаттары

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен өкілді және атқарушы билік органдарының өкілеттіктері бөлінді. Халық кеңестерінің депутаттары  мәслихаттар-депутаттар жиналыстары болып қайта құрылды. 1994 жылдан бастап мәслихаттар өз жұмысын бастады. Дәл сол кезден бастап Егемен Қазақстанның өкілді билік органдарының қызметі есептеліп келеді.

1994 жылғы 1-2 сәуірде Ленинград пен Ленин аудандық мәслихатының бірінші сессиясы өтті, онда ұйымдастыру мәселелері қаралды, тұрақты, тексеру комиссиялары және олардың құрамы құрылды және бекітілді. Ленинград мәслихаты – депутаттар жиналысының хатшысы болып Самойленко Иван Иванович, Ленин мәслихаты – депутаттар жиналысының хатшысы болып Сматаев Мағауия Досжанұлы сайланды.

Бірінші шақырылымдағы депутаттық корпус өз жұмысын бастады. Аудандық мәслихаттардың алғашқы сессияларынан бастап депутаттар атқарушы органдармен бірлесіп күрделі жағдайларда күрделі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешумен айналысуға мәжбүр болды. Депутаттар сессияларда өзекті мәселелерді көтерді, өйткені олар өз жерлестерінен, атап айтқанда өз сайлаушыларынан бөлінбеді. Осы уақыт аралығында халық шаруашылығының түрлі салаларын қайта құрылымдауға, кәсіпорындарды қаржылық сауықтыруға, ауданның әлеуметтік саласын тұрақтандыруға бағытталған көптеген бағдарламалар бекітілді. Депутаттар жергілікті жерлерде жағдайдың қалай болып жатқанын өз көздерімен көру үшін ауылдық округтерге барып, сессияларда мәселелерді дайындауға және қарауға белсенді қатысты.  Бұл әлеуметтік нысандарды қысқы кезеңге дайындау немесе көктемгі егіс, сондай-ақ егін жинау жұмыстары сияқты. Дәл осы қиын кезеңде біздің аудан үшін ғана емес, бүкіл ел үшін, нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде, дамып келе жатқан демократия жағдайында халық таңдаған адамның бейнесі қаланды.

Бірінші шақырылымның депутаттары:
И.И. Самойленко, М.Д. Сматаев, М.А. Молдағаипов, Н.С. Иванов, Д.К. Жексенов, М.А.Голунец, А.Х.Турсунов, В.И.Лагута, В.А.Лейфрид, Т. Ш.Ахметов, Б. К.Жүсіпова, Г.К.Данияров,  К.Ш. Шапенов, К. Ф. Казиева, К.К.Погожев, Д. К.Жұманов, М. К.Смайылов, Х. Р.Темірболатов, С. А.Адраков, В.П.Задорожный, Л.Я.Герт, Л. Ф.Мундровская, К Р. Керейбаева, Ж.М.Танатов, А.З.Джалелов, А. Т.Темірханова, Д.И. Байтенов, И.Р.Нефедова,  С.В.Рудковский, С.Т.Теміртасов,  Р.Т.Каринова, Е.А.Кошимбаев, Б.Ш.Бабаков, О.К.Рахимов,

1997 жылы Ленинград және Ленин аудандары біріктіріліп Ақжар ауданы құрылды орталығы Талшық ауылында.

 

Дата публикации
31 января 2024
Дата обновления
31 января 2024
Тип

Сейчас читают

03 декабря 2024
«БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні» — зейнетақы жинақтарын инвестициялау мүмкіндіктерін зерделейміз
28 ноября 2024
Отандастарымыздың зейнетақы активтерінің 10 айдағы өсімі 3,7 трлн теңгеден асты 
02 февраля 2024
Aқпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі уәкілетті тұлға

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы