1994 жылғы 10 мамырдағы «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Қазақстан Республикасынның заңы шыққаннан кейін мәслихаттың халық депутаттарының Кеңесі қайта құрылды. 1994 жылғы 1 сәуірде Ленин аудандық мәслихатының бірінші сессиясы өтті онда ұйымдық мәселелер қаралды, тұрақты ревизиялық комиссия және олардың құрамы құрылды және бекітілді. Аудандық мәслихаттың хатшысы болып Мағауия Сматаев Досжанұлы сайланды.1997 жылы 2 мамырда Ленин ауданы Ақжар ауданы болып аталды. Сматаев Мағауия Досжанұлының басқа жұмысқа ауысуына байланысты, 2000 жылы 26 желтоқсанында Ақжар аудандық мәслихат сессиясының хатшысы болып №11 Ұялы ауылдық округінің сайлау округінің депутаты Қазбеков Қуандық Казиханұлы сайланды. 2006 жылғы 12 мамырдан бастап депутаттық корпусты Жұмабаев Мұхаммед Сұлтанұлы басқарды. 2016 жылғы 24 наурыздан бастап алтыншы шақырылымның, ал 2021 жылғы 15 қаңтардан бастап жетінші шақырылымның аудандық мәслихаттың хатшысы болып Хоршат Айбек сайланды. Содан кейін 2023 жылғы 30 наурыздан бастап аудандық мәслихаттың төрағасы болып № 10 сайлау округінің депутаты Мағжан Рамазанұлы Жүсіпбеков сайланды.
Ақжар аудандық мәслихатының сегізінші шақырылмы 2023 жылғы 19 наурызда сайланды, қазіргі уақытта бір сайлау округінен сайланған 9 депутаттан тұрады, оның ішінде: ерлер — 7, әйелдер — 2, ұлттық құрамы бойынша: қазақтар — 8, неміс — 1. Жоғары білімі бар — 9, келесі мамандықтар бойынша: педагогтар — 4, экономистер – 2, инженерлер — 2, дәрігер -1.
Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымның бірінші сессиясы 2023 жылғы 30 наурызда өтті, онда депутаттар қатарынан үш тұрақты комиссия құрылды: бюджет және экономика бойынша; білім, денсаулық сақтау, мәдениет, заңдылық, азаматтардың құқықтарын қорғау және құқықтық тәртіп бойынша; ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп, коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша.
Біздің мәслихат депутаты бірнеше рет әртүрлі саладағы жетістіктері үшін әртүрлі деңгейдегі наградалармен марапатталды, мысалы: Нұрманов Жұмали Балталиұлы «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен; «AMANAT» партиясының Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен, кейбір депутаттар марапатталды.
Барлық депутаттар белсенді өмірлік және саяси ұстанымға ие, бұл тек депутаттық қызметке ғана емес, сонымен бірге жұмысқа да қолайлы әсер етеді. Олар ауданда өткізілетін әлеуметтік сипаттағы, сондай-ақ экономикалық және саяси сипаттағы барлық іс-шаралар мен акцияларға белсенді қатысады.
Сайлаушылар өздерінің таңдаулыларына үлкен сенім білдіреді. Мұны төртінші шақырылым бойы Ж. Б. Нұрманов сайланып жатқандығымен растауға болады, үш шақырылымда С.М. Шулембаев пен жұмыс істейді, екінші шақырылымда Н. О. Хасенов және С.А.Ахметова алғаш рет аудандық мәслихат депутаттары болып сайланды: М. Р. Жүсіпбеков, Ж. А. Жағпаров, А. А. Герлиц, С.Рамазан, Б.А.Баржанов.