ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ!
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Ақтөбе қалалық мәслихатына өз кандидатурамды ұсына отырып, мен жұртшылық алдындағы үлкен жауапкершілікті толық түсінемін.
Менің депутат ретіндегі міндетім – қоғамның әлеуметтік маңызы бар мәселелеріне уақтылы жауап беріп, қала тұрғындарын конструктивті диалогқа тарта отырып, оларды шешу, сондай-ақ өлкемізді дамытуға бағытталған заңнама аясында тиісті шараларды қабылдау.
Ең алдымен, қала тұрғындары туындаған барлық мәселелер бойынша сайлаған депутатына жүгінеді. Депутат – халық сеніміне ие болған, қоғамға нақты көмек көрсететін тұлға.
Басты мақсатымыз – «Әділетті Қазақстанды» құру жолында қалалық мәслихат депутаты ретінде шешуге бағытталатын бірқатар міндеттер қойдым.
Менің кандидатурамды қолдап, қалалық мәслихат депутаты етіп сайласаңыздар, өмірлік тәжірибемді, білімімді және күш-жігерімді пайдалана отырып, барлық өзекті мәселелердің оң шешімін табу үшін келесі бағыттар бойынша жұмыс істейтін боламын:
- Сайлаушылардың сайлауалды бағдарламада және Қазақстан Республикасы Президентінің бағытында көрсетілген басым бағыттар бойынша тапсырмаларын толық көлемде орындауды қамтамасыз ету және халықтың өміріне қолайлы жағдайлар жасау;
-Халықтың өзекті мәселелерін шешу, қажеттіліктері мен өтініштерін қанағаттандырудың нақты жолдарын іздеу, маған берілген өкілеттілікті тиімді пайдалану;
- Экологиялық дағдарыс аймақтарында туындаған проблемаларды жою үшін табиғат қорғау заңнамасын жетілдіру, ірі өндірістік кәсіпорындардың табиғи ресурстарды ластағаны үшін экономикалық санкциялар талаптарын күшейту;
- Заңнамалық базаны нығайту және халықты, оның ішінде аз қамтылғандарды, көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жүйесін одан әрі жетілдіру, қажет болған жағдайда тиісті Бағдарламаларды қабылдауға жәрдемдесу;
- халыққа медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру және емдеу мекемелерін заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандыру, денсаулық сақтау мамандарының біліктілігін арттыру кезінде тегін оқытуын қамтамасыз ету;
- Бұқаралық спорттың дамуына ықпал ету, халықтың, әсіресе балалар мен жастардың тиімді демалысы үшін спорт нысандарын салуға көмектесу, олардың рухани және физикалық дамуына жағдай жасауға, жастардың патриоттық рухын көтеруге, қазақстандық патриотизмге жаңа серпін беруге ерекше көңіл бөлу;
- Халықтың осал топтарын қолдау, олардың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында, соғыс және тыл ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, мүгедектер мен жетім балаларға қолдау көрсетуге жәрдемдесу, азық-түлік пен дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуін қатаң депутаттық бақылауға алуды заңнамалық негізде қолдау көрсету;
- Білім беру жүйесін жан-жақты дамытуға, жан-жақты дамыған тұлғаны даярлауға ықпал ету. Материалдық-техникалық база құрылысын жетілдіру, денсаулық сақтау және білім беру нысандарын құруға бөлінетін қаражатты ұлғайту. Тиісті органдар арқылы интернет байланысы сапасын жақсарту мәселелерінің орындалуын бақылауға күш салу;
Халықтың өтініштері мен қажеттіліктерін жедел желілер арқылы шешуге жәрдемдесу, кері байланысты қамтамасыз ету. Азаматтардың өтініштерінде көтерілген мәселелерді жылдам және мұқият шешуді пысықтау.
Меценат ретінде көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды құрметтеу және көмек көрсету бойынша қайырымдылық акцияларын өткіземін.
Құрметті сайлаушылар!
Басты мақсатымыз – әділетті Қазақстан құру жолында, №28 сайлау округі бойынша қалалық мәслихат депутаты ретінде мен өзіме бірқатар міндеттер қойдым, оларды шешуге бағытталатын жұмыстар:
Құрметті сайлаушылар!
Мен Ақтөбе қаласы тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сапасын айтарлықтай арттыруға бағытталған міндеттерді орындау үшін сайлауға түсіп отырмын.
Біз бірге алға қойған мақсаттардың барлығына қол жеткізе алатынымызға сенімдімін.