ҚҰРМЕТТІ ШАНХАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
Менің атым - Фарзалиев Видади Вагифұлы, 31 жастамын және мен депутаттыққа кандидат болып, сіздермен бірге ауданымызды жақсырақ ету үшін жұмыс істегім көледі. Мен Ақтөбе қаласында туып-өстім жене қаламыздың тағдыры маған бей-жай емес.
Шанхай ауданының негізгі мәселелері:
1.Жолдар мен жарықтандырудың сапасыздығы. Тұрғындар кейбір көшелерде асфальтталған жолдардың жоқтығынан қиындықтарға тап болады. Көктем мен күзде жолдар лайға айналып, жүріп-тұруды қиындатып, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер үшін қауіпті жағдайлар туғызады. Сонымен қатар, кейбір аулаішілік көшелерде жарықтандырудың жоқтығы жергілікті тұрғындарды алаңдатады.
2.Экология және жағымсыз иістер мәселесі. Шанхай ауданында жиі жағымсыз иістер, әсіресе күкіртсутек шығарындыларымен байланысты, сезіледі. Бұл тұрғындардың өмір сапасы мен денсаулығына теріс әсеретеді.
З.Санитарлық тазарту және көркейту мәселелері. Ауданда көшелерді тазалау және қоғамдық орындардың жоқтығы проблема болып отыр. Бұл ауданның тартымдылығын және тұрғындардың жайлылығын төмендетеді.
МЕНІҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАМ:
1.Инфрақұрылымды дамыту.
2.Экологиялық жағдайды жақсарту.
3.Көркейту және санитарлық тазарту.
4.Ашықтық және азаматтармен өзара іс- қимыл.
Мен сенімдімін, бірлесіп күш-жігерімізбен ауданымызды өзгертіп, әрбір тұрғынға жайлы өмір сүру жағдайларын жасай аламыз. Осы бастамаларды жүзеге асырып, Шанхай ауданын гүлденген әрі жайлы орынға айналдыру үшін сайлауда қолдауыңызға үміт артамын!
«Жастық. Адалдық. Әрекет. Болашақ - бізбен бірге!»
Құрметпен, Видади Вагифұлы.