Меню

Страницы

Статья

Низамутдинов Рахымжан Әлзақұлының сайлауалды бағдарламасы

Құрметті дауыс берушілер!

Сайлауда жеңіске жетіп, әрі қарай депутат болып сайланған жағдайда қаламыздың экономика мен әлеуметтік саласындағы аса маңызды сұрақтарды, қоғам өмірінің мәселелерін шешуге, жалпы халықтың тұрмыс-тіршілігінің сапасын арттыру жолындағы қала мәслихатының жұмысына белсене қатысамын. Мемлекеттік мекемелердің жұмыстарының жариялы түрде жүруіне атсалысамын

Менің бағдарламам қысқа, бірақ қала депутатының құзіреті шегінде нақты қол жеткізуге болады:

  • Ақтөбе қаласы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасының «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ» Жол картасын сапалы және уақытылы орындалуын тұрақты түрде бақылап, жүзеге асыру.
  • Қаланы абаттандыру және ағаш отырғызу жұмыстарының тиімділігін арттыру
  • Қаланың барлық жаяу жүргіншілер өткелдерін түнгі жарықтандыру
  • Иесіз және қауіпті нысандар мен ғимараттарды бұзу және абаттандыру
  • «Халықтың қатысу бюджеті» бағдарламасына азаматтарды тарту.
  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында азаматтардың сауаттылығын арттыру
  • Кәсіпкерлік қызметте жергілікті тауар өндірушілерді қолдау
  • Саябақтар мен алаңдардың жұмысын оңтайландыру

 Құрметті сайлаушылар!

Өздеріңіз білетіндей, аумақтық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес біздің учаске 25 сайлау округі болып айқындалды. Мен жалақыны көтеру, салықты азайту, зейнет жасын көтеру немесе тауарлардың бағасын шектеу сияқты үлкен уәде бермеймін, өйткені мұның бәрі қала деңгейінде шешілмейді. Мен сайлауға қала тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсартуға өз үлесімді қосу үшін барамын.

Ақтөбе бақытты адамдардың қаласына айналуы керек! Сіз жақсы өмірге лайық екеніңізге сенімдімін, таңдауыңызды жасаңыз!

Біздің әділетті Қазақстан құру жолындағы басты мақсатымызды ұстана отырып, өз алдыма бірқатар міндеттерді қойдым және қалалық мәслихат депутаты ретіндегі қызметім осы міндеттерді шешуге бағытталады.

Дата публикации
14 января 2025
Дата обновления
14 января 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
03 ноября 2025
Қайырғалиев Аслан Асқарұлының сайлауалды бағдарламасы
Пайдалы ақпарат
03 ноября 2025
Өмірбекова Сәуле Рахымқызының сайлауалды бағдарламасы
21 мая 2025
Депутаттар БАҚ-та

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы