Құрметті жерлестер!
Ақтөбе қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі ретінде алдыма нақты міндеттер қойып, оларды орындадым.
"АMANAT" партиясының Ақтөбе қалалық филиалының аумақтық даму жөніндегі қоғамдық кеңесінің мүшесі ретінде әріптестерімен бірлесіп келесі жұмысты жүргіздім.
1.Бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету.
2.100% балаларды инклюзивті біліммен қамту.
3.Жастар практикасы шеңберінде жыл сайын жұмыс орындарын құру.
4.Мектептер мен балабақшаларға жыл сайын күрделі жөндеу жүргізу.
5.Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету.
Ақтөбе қаласы және Ақтөбе облысы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі және қоғам белсендісі ретінде көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау және көмек көрсету бойынша қайырымдылық акцияларын өткіздім, әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша облыстық және халықаралық форумдар, әйелдерге арналған шағын бизнесті дамыту бойынша Бизнес турлар ұйымдастырдым.
Құрметті сайлаушылар!
Біздің басты мақсатымыз – әділетті Қазақстан құруға негізделе, мен өз алдыма қалалық мәслихат депутаты ретіндегі қызметім бағытталатын бірқатар міндеттер қойдым.
1.Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерліктің әртүрлі жобаларын жыл сайынғы қаржылық қолдау
2.Жолдардың барлық түрлерін абаттандыру және олардағы қауіпсіздік, көшелерді жарықтандыру;
3.Халықтың спорт ғимараттарына 100% қолжетімділігін қамтамасыз ету
4.Ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне, жалғызбасты қарттарға әлеуметтік көмек көрсету.
5.Еріктілер санын көбейту.
6.Жастар жұмыссыздығының деңгейін төмендету.
7.Халықтың әлеуметтік осал топтарына пәтер беруге жәрдемдесу.