Сайлау алды бағдарламаның негізі 5 бағыттан тұрады:
Білім – Әр бала жайлы ортада білім алуға құқылы. Дегенмен, Көктем (Заречный-1) тұрғын үй алабындағы мектепте оқушы саны тым көп. Лесхоз бен Мағаджан ауылы балалары осында қатынап оқиды. Заречный-3 тұрғын үй алабының Лесхозбен шектесетін тұсына білім ошағы керек-ақ. Осы мәселені шешу.
Денсаулық – Қаланың қақ ортасындағы «Балауса» (Заречный-2) тұрғын үй алабында әлі күнге дейін тұрғындардың ем-дом алуына мүлдем жағдай жасалмаған. Амбулатория атымен жоқ. Ал «Көктем» (Заречный-1) тұрғын үй алабындағы амбулатория ескі, әрі шағын мекеменің қамтитын тұрғындары сегіз мыңнан асады. Сондықтан аталмыш аумақтардан денсаулық сақтау нысандарын ашу;
Жол мен қатынас – жол құрылысының сапасын арттыру, бақылау тетіктерін күшейту. Тұрғын үй алабтарының ішіндегі әлі күнге дейін асфальт жамылғысы төселмеген көшелерге жол салу мәселесін шешу. Жолаушылар тасымалына қатысты мәселені үнемі қадағалауда ұстап, автобус қатынасынының тұрғындарға қол жетімді болуына мүмкіндік жасау;
Қауіпсіздік – Мен сайлауға түсіп отырған аумақ Хромтау трасса мен солтүстік айналма жол бойында орналасқан. Бұл маңдағы жол қауіпсіздігі көңіл көншітпейді. Апта сайын көлік апаты мен ай сайын адам қағу оқиғалары тіркеліп отырады. Сондықтан жылдамдықты азайтатын жол белгілері мен бағдаршам орнату мәселесін шешу;
Көшелерді кешкілік жарық шамдарымен қамту;
Орталық көшелерде бейнебақылау камераларын орнату;
Иесіз ит-мысық аулау жұмыстарына ветеринарлық бекет жұмысын күшейту;
Жайлы демалыс – Балалар ойын алаңдарын салу; спортттық (футбол, волейбол, баскетбол) алаңқайларын ашу; мүмкіндігінде гүлзарлар мен демалыс бақтарын ашу.