Меню

Страницы

Статья

Сексенова Айман Қазиқызының сайлауалды бағдарламасы

Сайлауда осы ауданға қатысты менің алға қойған бірқатар мақсаттарым бар.

  1. Жол мәселесі.

- Балаларға қауіпсіз жол, жаяу жүргіншілер жолын орнату- Жаяу жүргіншілерге арналған жол төсемдері

-Жаяу жүргінші жолдарын жарықтандыру;

-Бағдаршам жоқ қиылыстарға, көшелерге бағдаршам орнату.

  1. Қоғамдық көлік мәселесі.

-Қоғамдық көлік жүру уақытының арасы өте ұзақ, сондықтан қосымша автобустарды көбейту қажет деп есептеймін.

  1. Мүмкіншілігі шектеулі жандарға көмектесу.

Яғни оларға тиесілі әлеуметтік көмектерді барынша алуларына септігімді тигізгім келеді.

  1. Жарық мәселесі.

Шығыс айналма жол бойына жарықтандыру орнату, жарық трансформаторларын орнату.

  1. Қоқыс мәселесі.

Қалдықтарды бөлек жинау және сұрыптауды енгізу бойынша тренинг мастер класстар өткізу. Қоқыс жәшіктерін көбірек орнатып, оларға қоршау орнату.

  1. Ағынды су мәселесін шешу.

Әр көктемде осы алқаптағы суға кететін үйлердің, жолдардың алдын алу. Қарды уақытылы тазарту, арықтар салу.

  1. Байланыс

Интернетті жоғары сапалы қамту үшін базалық станциялардың қажетті санын орнату.

  1. Балаларға арналған спорт алаңдары

Балалар ойнайтын алаң және футбол, спорттық алаң орнату

Мені ойландырған 8 өзекті мәселені атап өттім.

Тұрғындармен кездесулер ұйымдастырып, елді мекен жөніндегі көкейлерінде жүрген сұрақтарды тыңдауға дайынмын.

Құрметті сайлаушылар!

Елімнің әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға өз үлесімді қосқым келеді сол үшін де мен бұл сайлауда бақ сынаймын. 

Жаңа әділетті Қазақстанды құру өз  қолымызда! Таза өмір!

Дата публикации
22 мая 2023
Дата обновления
22 мая 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
03 ноября 2025
Қайырғалиев Аслан Асқарұлының сайлауалды бағдарламасы
Пайдалы ақпарат
03 ноября 2025
Өмірбекова Сәуле Рахымқызының сайлауалды бағдарламасы
21 мая 2025
Депутаттар БАҚ-та

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы