Меню

Страницы

Статья

Қозыбақов Ұлан Ермекұлының сайлауалды бағдарламасы

  • Саны бар, сапасы жоқ жобалардан бас тарту.
  • Ауданға қатысты жобаларды, сол ауданның көпшілігімен біріге шешу.
  • Біздің ауданда жасалатын жұмыстарды қадағалау.
  • Қалалық бюджетті әділетті түрде тарату.
  • Толыққанды инфрақұрылым құру - аудан жолдарын асфальттау және жөндеу, тротуарлар салу, жарықтандыру жұмыстарын жүргізу.
  • Тұрғын үй алаптарының ішіндегі жаңа автобус маршруттары мен аялдама павильондары – қоғамдық көлік тұрғындарға жақын болуы керек.
  • Балаларымызға арналған балалар мен спорт алаңдары – округ тұрғындарының инфрақұрылымы қала орталығындағыдай болуы керек.
  • Мектептерде балалар қауіпсіздікте болуы керек.
  • Қыс мезгілінде барлық көшелер қардан уақтылы тазалануы керек.

Құрметті сайлаушылар!

Мен тұрғындардың көптеген проблемаларын жеткізу, ілгерілету және шешу, атқарушы билікпен қарым-қатынас жасау бойынша үлкен тәжірибе жинақтадым. Мәслихат депутаттылығына ұсыныла отырып, мен өз алдыма депутаттық қызметті жүзеге асыруда басшылыққа алатын бірқатар міндеттерді қойдым:

Инженерлік инфрақұрылым. Тұрғын алаптардың басты проблемасы – инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етілмеуі. 54 тұрғын алаптың 26-сында орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаса, ал 12-сі газбен жабдықталмаған. Ағымдағы жылы біздің округтің тұрғын алаптарын электрмен жабдықтау құрылысы бойынша ЖСҚ әзірлеу бойынша бірнеше жоба жоспарланған. Менің міндетім – құрылысты қаржыландыру үшін осы жобаларды ілгерілету.

Округті абаттандыру. Аудан аумағын демалыс аймақтарымен жайластыру! Скверлер, саябақтар, футбол алаңы, балалар ойын және спорт алаңдары – тұрғындардың маңызды қажеттілігі. Мұндай нысандар спорттық қызығушылықты арттырады, балаларымыздың денсаулығы мен әлеуметтік, танымдық дамуын жақсартады. 2023 жылы қала бойынша 100 алаң (50 балалар алаңы және 50 спорт алаңы) салу жоспарланған. Округ тұрғындарының мүддесін қорғай отырып, мен алаңдардың біздің округте салынуын үшін жұмыстанамын.

Жол қауіпсіздігі. Едіге батыр даңғылы (Қобда тас жолы) қаланың қауіпті жол учаскелерінің бірі болып табылады. Бұл жүргізушілер, соның ішінде жүр көліктері жоғары жылдамдықпен жиі жүретін учаске, жаяу жүргіншілер өткелдері дұрыс жарықтандырылмаған, бағдаршам жоқ, бұл көптеген жол-көлік оқиғаларына әкеледі. Полиция басқармасымен байланыса отырып, жылдамдықты шектейтін жол белгілерін, бейнебақылау камераларын, жаяу жүргіншілерге арналған шақыру түймесі бар бағдаршамдарды орнатуға қол жеткізу қажет.

Жол инфрақұрылымы. Жол жабындысының болмауы қоғамдық көліктердің тұрғын алаптардың ішкі көшелеріне кірмеуінің бір себебі, бұл тұрғындарға бірқатар қиындықтар туғызуда. Автомобиль жолын салу жобасы көшені жарықтандыруды да қамтиды. Біздің округте жолдар, жарықтандыру, тротуарлар пайда болуы үшін тұрғын алаптардың басқа да көшелерін жұмыс жоспарына енгізу мәселесін көтеріп, пысықтайтын боламын.

Дата публикации
22 мая 2023
Дата обновления
22 мая 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
03 ноября 2025
Қайырғалиев Аслан Асқарұлының сайлауалды бағдарламасы
Пайдалы ақпарат
03 ноября 2025
Өмірбекова Сәуле Рахымқызының сайлауалды бағдарламасы
21 мая 2025
Депутаттар БАҚ-та

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы