Меню

Страницы

Статья

Тлеубергенова Асқар Сапарниязұлының сайлауалды бағдарламасы

Менің басты мақсатым - "Ақ жол" партиясының "Қазақстан-2023: өзгерістер сөзсіз" сайлауалды бағдарламасын іске асыру, №22 сайлау округінің аумағында тұратын азаматтарға олардың әлеуметтік және өмірлік маңызды мәселелерін шешуге жәрдемдесу.

Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:

Әлеуметтік сала:    

  • Ауыл шаруашылығын, білім беруді, денсаулық сақтау мен спортты дамыту мәселелерін шешуге, осы салаларды қаржыландыру мәселелерін шешуге ұмтылатын боламын;
  • медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға қол жеткізу;
  • жалғызбасты, көп балалы аналар мен мүгедектерге жұмысқа орналасу, заңгерлік және материалдық көмек көрсету, қосымша білім алу, кейіннен жұмысқа орналасу немесе шағын бизнес ашу саласында көмек көрсету;
  • біздің сайлау округінің тұрғындарына жұмысқа орналасу мәселелері бойынша қолдау көрсету ;
  • мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қатысу, осы саланы қосымша қаржыландыру мәселелерін шешу;
  • әлеуметтік жағдайды жақсартуды қамтамасыз ету және соғыс және еңбек ардагерлеріне қолдау көрсету;
  • білім беру, денсаулық сақтау және спорт саласының жас мамандары үшін тұрғын үй мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдау;
  • жоғары оқу орындарын бітірген және біздің сайлау округінің аумағында тұратын жас мамандар туралы мәліметтерді жинаймын, оларды жұмысқа орналастыру бойынша шараларды жүзеге асыру үшін олар алған мамандықтарды сұранысқа ие ету;
  • азық-түлік және коммуналдық қызметтерге бағаның өсуін бақылау және негізділігін жүзеге асыру;
  • мемлекеттен немесе ірі компаниялардан ("ҚазТрансОйл" АҚ, "ҚазақОйлАқтөбе" АҚ, "СНПС Ақтөбемұнайгаз"АҚ, "Қазхром" ТҰК АҚ) толық емес отбасылардың балаларына ҚР Азаматтық және әскери жоғары оқу орындарына тегін түсу бойынша көмек көрсету.

Коммуналдық сала:

  • көшелерді, аулаларды абаттандыру, жарықтандыру және асфальттау мәселелеріне жәрдемдесетін боламын;
  • коммуналдық шаруашылық саласындағы, газ, су, электр энергиясын үздіксіз беру жөніндегі проблемаларды шешу үшін "ТКШ саласын жаңғырту" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға және Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысының әкімдігімен бірлесіп баға мониторингіне белсенді қатысатын боламын;
  • ТКШ инфрақұрылымын жаңғырту бойынша іске асыруға белсенді қатысатын боламын.
  • шалғай аудандарда интернет байланысының сапасын жақсартуға ықпалдасу;
  • апатты және тозығы жеткен көппәтерлі тұрғын үйлер бойынша мәселелерді көтеретін боламын;
  • су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысып, тұрғын үйлерді және басқа да құрылыстарды су басуға жол бермеу үшін барлық көмек көрсететін боламын;

Құқықтық қорғау саласы:

  • Сыбайлас жемқорлыққа және лауазымдық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізу, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
  • Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуына партиялық бақылау жүргізу.
  • Жергілікті атқарушы орган бөлген бюджет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалану бойынша мониторинг жүргізу;

Экономика және кәсіпкерлікті дамыту саласы:

  • Шағын және орта бизнесті дамытуды іске асыруға және насихаттауға қатысу, сұраныс пен бәсекеге қабілеттілікке бағыттай отырып, олардың бастапқы дамуына көмектесу;
  • Қолданыстағы заңнама шеңберінде өз сайлау округі кәсіпкерлерінің құқықтары мен мүдделерін үнемі қорғайтын боламын.
  • Атқарушы органдардан сайлау учаскесінің тұрғындарының еркін саудасы үшін жер учаскелерін (көкөністер, жемістер, ет-сүт өнімдері және т.б.) тегін негізде бөлуді сұраймын.
  • "Даму" Қорынан субсидиялар алу арқылы шағын және орта бизнеске екінші деңгейдегі банктерден төмен пайыздық мөлшерлеме бойынша жеңілдікті кредиттер алуға көмек көрсету.
Дата публикации
22 мая 2023
Дата обновления
22 мая 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
03 ноября 2025
Қайырғалиев Аслан Асқарұлының сайлауалды бағдарламасы
Пайдалы ақпарат
03 ноября 2025
Өмірбекова Сәуле Рахымқызының сайлауалды бағдарламасы
21 мая 2025
Депутаттар БАҚ-та

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы