Құрметті сайлаушылар!
"AMANAT" партиясының мүшесі, Ақтөбе қаласының тұрғыны ретінде Мен өзімнің сайлауалды бағдарламамды Ақтөбе қаласының тұрғындарының ашық сұрақтарына негіздедім.
Менің сайлауалды бағдарламам ең алдымен әлеуметтік осал халықты қолдауға, қаланы абаттандыруға, медициналық қызметтердің сапасын арттыруға, білім беру сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған.
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА:
- білім беру, денсаулық сақтау және спорт мәселелерін шешуге, осы салаларды қаржыландыру мәселелерін шешуге ат салысатын боламын;
- медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға қол жеткізу;
- әлеуметтік бағдарламалар шеңберінде біздің сайлау округінің тұрғындарын жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша қолдау көрсету;
- мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қатысу, осы саланы қосымша қаржыландыру мәселелерін шешу;
ҚАЛАНЫ АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Балалар мен халықтың өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аулаларды жарықтандыру, бейнебақылау жүйесін енгізу, жолдарды жөндеу, тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламаларын іске асыруға ат салысу - менің жұмыстанатын салаларымның өрісі.
Округ тұрғындары үшін абаттандыру саласында мыналарға қол жеткіземін:
- қалыптасқан құрылыс пен азаматтардың мүдделерін ескере отырып, жаңа объектілер салу үшін алаңдарды таңдауды бақылау;
- тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жөніндегі жоспарлардың іске асырылуын тиісті бақылау;
- білім беру және денсаулық сақтау мекемелерін күрделі жөндеу;
- аулалардағы балалар мен спорт алаңдарын абаттандыру, мектеп стадиондарын реконструкциялау;
- жолдар мен аула өткелдерін жөндеуге, аула аумақтарын абаттандыруға қаражат бөлуге ықпал ету.
НЫСАНАЛЫ БАҒДАРЛАМАЛАР МЕН БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ АЛЫНУЫН ЖӘНЕ БӨЛІНУІН БАҚЫЛАУ
Бюджеттік жоспарлардың өміршеңдігі мен шынайылығын, қаржылық бағдарламалардың негізділігін және шығыстар сметасын арттыру мақсатында оларды жасау, қарау және бекіту сатысында жүзеге асырылатын бюджет қаражатының бөлінуін алдын ала бақылау.
Құрметті сайлаушылар!
Бұл менің жоспарларым мен міндеттерімнің бір бөлігі ғана.
Ең бастысы — азаматтардың қоғамдық белсенділігін арттыруға ықпал ету. Оларға жабық ортадан шығуға көмектесу маңызды. Егер біз бірлесіп алға ұмтылсақ және өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге ынталандыра алсақ, біз кез-келген алынбайтын бекіністерді жеңе аламыз!