Меню

Страницы

Статья

Рахиев Сауромбек Раманұлының сайлауалды бағдарламасы

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ШАЛҒАЙ АУДАНДАРЫН ДАМЫТУ

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ШАЛҒАЙ АУДАНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ

  • Толық дамымаған коммуналдық және көлік инфрақұрылымы
  • Қоғамдық маңызы бар нысандардың көбіне қаланың орталық бөлігінде орналасуы
  • Қадамдық қолжетімділікте әлеуметтік мақсаттағы негізгі объектілердің болмауы
  • Халықтың өмір сүру сапасын қамтамасыз етудің төмен деңгейі
  • Адамдардың мәдени демалысы мен бос уақытын өткізуге арналған орындардың болмауы
  • Халықтың сұраныстарын өңдеуде мемлекеттік құрылымдардың ашықтығының болмауы

ҚАЛАНЫҢ ОРТАЛЫҚ БӨЛІГІ МЕН ШАЛҒАЙ АУДАНДАРЫНЫҢ ДАМУЫ АРАСЫНДАҒЫ ҮЛКЕН АЛШАҚТЫҚ

ҚАЛАНЫҢ ШАЛҒАЙ АУДАНДАРЫН ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

  • Қоғамдық маңызы бар нысандарды орталықсыздандыру және шалғай аудандарды дамыту
  • Қала стандарты бойынша шалғай аудандарды абаттандыру және инфрақұрылымды құру (жолдар, көлік, тұрғын үй-коммуналдық жүйелер, жарықтандыру, мектеп, балабақшалар, денсаулық сақтау нысандары)
  • «Әлеуметтік мақсаттағы негізгі объектілерге 20 минуттық қолжетімділік» қағидатын енгізу
  • Шалғай аудандарда серуендеуге, халықтың мәдени демалысына арналған орындарды көбейту
  • Әкімдік пен халық арасындағы ашық коммуникация үшін кері байланыс жүйесін құру

МЕМЛЕКЕТ ХАЛЫҚТЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ТУРАЛЫ БІЛУІ КЕРЕК

1. Мемлекетке сапалық және уақыт бойынша көрсеткіштерді қамтитын шалғай аудандарды дамыту бағдарламасын әзірлеу қажет

2. Бағдарлама қала өмірінің барлық салаларын қамтуы тиіс

3. Қала тұрғыны белгілі бір проблемамен жүгінген кезде бұл бағдарлама оның сұрауына нақты жауап беруі керек

нақты түсініктің болмауы = нәтиженің жоқтығы

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР

Ақтөбе қалалық мәслихатының жетінші шақырылымының депутаты, сондай-ақ заңдылық, құқықтық тәртіп, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі, тұрғын үй-коммуналдық, аграрлық және жер мәселелері жөніндегі комиссиялардың мүшесі болып жұмыс істей отырып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша міндеттерді орындадым.

Қызметімнің негізгі басымдығы – қала тұрғындарының әл-ауқаты және тең қолжетімділікке, кедергісіз ортаға және қоғамдық жайлылыққа жағдай жасау, өйткені Әділетті Қазақстанда әрбір тұрғынның ортақ игіліктерге құқығы бар

Депутат халықтың сұраныстарына тиімді ден қою үшін тұрғын мен әкімдік арасында байланыстырушы рөл атқаруы тиіс деп санаймын. Шалғай аудандардың тұрғындары өз сауалдарына нақты жауап алуы маңызды

ШАЛҒАЙ АУДАНДАРДЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ӨЗ САУАЛДАРЫНА МЕМЛЕКЕТТЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС АЛУЫ КЕРЕК

БҰЛ ОЛАРДЫҢ ТІКЕЛЕЙ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ

 

Дата публикации
17 мая 2023
Дата обновления
17 мая 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
03 ноября 2025
Қайырғалиев Аслан Асқарұлының сайлауалды бағдарламасы
Пайдалы ақпарат
03 ноября 2025
Өмірбекова Сәуле Рахымқызының сайлауалды бағдарламасы
21 мая 2025
Депутаттар БАҚ-та

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы