Меню

Страницы

Статья

Иликбаев Дияс Рустамұлының сайлауалды бағдарламасы

Мен Ақтөбе қаласының жергілікті тұрғыны ретінде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуымен таныспын.

Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты болып сайлануыма қолдау көрсеткен жағдайда өзімнің өмірлік тәжірибемді, білімімді пайдаланып барлық өзекті мәселелердің оң шешімдерін іздеу бойынша жұмыс істейтін боламын:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің және «Қазақстан Халық Партиясы» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген басым бағыттар бойынша сайлаушылардың талаптарын толық көлемде орындауды және халықтың өмір сүруі үшін қолайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз ету;
  • Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін қоғамдық көлік бағытын өзгертудің жолын іздеу, әсіресе №13 маршрут;
  • Мектеп пен балабақшаларда оқу орындарының тапшылығын жоюдын жолын іздестіру (№18 ОМ, №23 ББ), 3 ауысымды және апатты мектептер мәселесін шешу, округта жаңа, жайлы, заманауи мектептерді салдырту;
  • Әр мектеп пен балабақшаның қауіпсіздігін және барлық бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету
  • Ақтөбе қаласы тұрғындарының өзекті мәселелерін шешу, маған сеніп тапсырылған өкілеттіктерді тиімді пайдалана отырып, қажеттіліктер мен өтініштерді шешудің нақты жолдарын іздеу;
  • Сандық теңсіздікті жою, халықты сапалы және қолжетімді интернетпен, ұялы байланыспен қамтамасыз ету үшін жұмыстану;
  • Округта, саяжай мен тұрғын алабтарында: су, газ, электр желілерді, көше жарығы деген маңызды коммуникациярды өткізуіне жұмыстану;
  • Қала тұрғындарына спорт мекемелерін заманауи жабдықтармен жарақтандыру бойынша жұмыс істеу, олардың біліктілігін арттыру кезінде өскелең ұрпақтың тегін білім алуына қол жеткізу;
  • Халыққа қолжетімді бұқаралық спортты дамытуға жәрдемдесу, оның ішінде балалар мен жастардың тиімді бос уақытын өткізу үшін спорт объектілерін салуға көмек көрсету;
  • Қоқысты уақытылы шығаруын бақылауға алу;
  • Қалалық қызметтер жұмысының тиімділігін арттыру және ақылды технологияларды енгізу. "Smart City" (Ақылды қала);
  • Кері байланысты қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік, жедел желілер арқылы халықтың сұраныстары мен қажеттіліктерін шешуге жәрдемдесу;
  • Азаматтардың өтініштерінде көтерілген мәселелерді тез және мұқият шешуді пысықтау;

Қоғамдық бірлестік  «Қазақстан Халық Партиясы» мүшесі бола отырып, партиямыздың басты ұстанымы: Ел байлығы Қазақстан халқына тиесілі  болатын әділетті қоғам құру!   

Құрметті жерлестер! 

Аумағымның тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру бойынша міндеттерді шешу үшін өзімнің барлық білімімді, практикалық және өмірлік тәжірбиемді  сайлау алдындағы бағдарламамды іске асыруға бар күшімді саламын.

Біз күш-жігерімізді жұмылдырып- Әділетті Қазақстанды құрамыз деп сенемін!

Дата публикации
17 мая 2023
Дата обновления
17 мая 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
03 ноября 2025
Қайырғалиев Аслан Асқарұлының сайлауалды бағдарламасы
Пайдалы ақпарат
03 ноября 2025
Өмірбекова Сәуле Рахымқызының сайлауалды бағдарламасы
21 мая 2025
Депутаттар БАҚ-та

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы