Құрметті дауыс берушілер!
Сайлауда жеңіске жетіп, әрі қарай депутат болып сайланған жағдайда қаламыздың экономика мен әлеуметтік саласындағы аса маңызды сұрақтарды, қоғам өмірінің мәселелерін шешуге, жалпы халықтың тұрмыс-тіршілігінің сапасын арттыру жолындағы қала мәслихатының жұмысына белсене қатысамын. Мемлекеттік мекемелердің жұмыстарының жариялы түрде жүруіне атсалысамын
Менің бағдарламам қысқа, бірақ қала депутатының құзіреті шегінде нақты қол жеткізуге болады:
Құрметті сайлаушылар!
Мен жалақыны көтеру, салықты азайту, зейнет жасын көтеру немесе тауарлардың бағасын шектеу сияқты үлкен уәде бермеймін, өйткені мұның бәрі қала деңгейінде шешілмейді. Мен сайлауға қала тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсартуға өз үлесімді қосу үшін барамын.
Ақтөбе бақытты адамдардың қаласына айналуы керек! Сіз жақсы өмірге лайық екеніңізге сенімдімін, таңдауыңызды жасаңыз!